Шариғатта жасырын некенің үкімі қандай?

1. Сұрақ: Жігітім екеуміздің болашақта үйленіп, шаңырақ көтерсек деген ниетіміз бар. Бірақ, жағдайдың жоқтығынан үйленуді кейінге қалдырсақ дейміз. Ал оған дейін екі куәгер тауып, өзара некемізді қидырып алғымыз келеді. Бұлай жасауға бола ма?

 

2. Сұрақ: Ассаламуғалейкум! Саке, қалыңыз қалай? Сұрағым - Ханафи мазxабы бойынша неке шарттарында әке шешенің рұқсаты керек еместігіне байланысты болмақ. Осы мәселе төңірегінде қалған мазхабтардың үкімдерін салыстырмалы түрде беріп өткен, нюанстары терең түсіндірілген мақалаңыз бар ма?  Қазіргі таңда әке шешенің некеге араласқаны дұрыс сияқты. Себебі қыздардың болашағына байланысты көптеген қателіктер кетіп жатыр! Раxмет. Нұржан Назарбек.

 

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Отбасын құрып, ұрпақ көбейту – Ислам дінінде қасиетті де ардақты іс. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Үйленіңдер және көбейіңдер! Қиямет күні үмметімнің көптігімен мақтанамын», – деп, үйленудің қаншалықты маңызды екенін ұғындырды. Осы өсиетті орындаудың жолы – неке. Бірақ, некені жасырын жүзеге асыруға болмайды.

Исламда "жасырын неке" деген түсінік жоқ. Ислам дінінде неке ата-анасының ақ батасымен, шама-шарқынша дастарқан жайып, туған-туыстарды, көрші-қолаңды т.б. шақырып, үйленгендігін "жария" ету арқылы жүзеге асады. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): "«Шариғатқа қайшы үйлену мен шариғатқа сай үйленудің ара жігін айыратын нәрсе – дабыл қағып, жария ету», - деген. Басқа бір хадисінде: "Қамқоршысының рұқсатынсыз неке - неке емес", - дейді. (Қамқоршыны шариғатта "уәли" дейді). Ата-ананың рұқсаты әсіресе, жаңа ғана кәмілетке жетіп, енді ғана есі кіріп, етегін жиған жас бөйжеткен үшін маңызды деп ойлаймын. 

«Некенің шарты бойынша, екі куәгер болса жеткілікті ғой» деуіңіз мүмкін. Оныңыз рас. Алайда, Ханафи ғұламасы, Әбу Ханифаның шәкірті Имам Мұхаммад: «Егер, қыздың қамқоршысы оның рұқсатынсыз неке қиылғандығын білсе, некені бұза да алады, құптай да алады» деген. Осыған орай, Имам Мұхаммедтің тұжырымы бойынша, уәлисіз қиылған неке "мауқуф некеге" жатады[1]. Яғни, ата-анасы құптамайынша толыққанда ерлі-зайыпты атана алмайды деген сөз[2].  

Өзге үш мәзхабта да (Мәлики, Шафиғи және Ханбали) неке дұрыс болуы үшін қыздың "уәлисінің" рұқсаты керек.

Құрметті сауал жолдаушы, жасырын қиылған неке - әлсіз, әрі жауапкершілігі төмен болады. Ондай неке ерте ме, кеш пе, бұзылады. Қыздың ары босқа аяққа тапталып, ертеңгі күні шоқ басып, өмір бойы опық жеп қалуы мүмкін. Өйткені, тәжірибеге сүйенсек, жасырын некелескен жігіттердің көбі өзінің жарын оңай талақ ете салуға даяр тұрады. Мұндайда араларында ештеме туындамаған болса жақсы. Ал егер «етегі көтеріліп қойған» болса, қыздың жағдайы не болмақ?!

Осындай келеңсіз нәтижелерді ойлағанда, Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Жария ету – үй болғандықтың белгісі»[3] немесе «Шариғатқа теріс үйлену мен шариғатқа сай үйленудің ара жігін айыратын нәрсе – дабыл қағып, жария ету»[4] деген сөздерінің қаншалықты мағыналы әрі өнегелі екендігіне қайран қалмау мүмкін емес. Себебі, той жасап, ағайын-туыстың басын қосып үйленген отбасының - керегесі бекем, неке жібі берік. Оған қоса, елдің батасымен, дұға тілегімен құрылған шаңырақтың отағасы да мойнында үлкен жауапкершіліктің барын сезінеді.  

 [1] Мабсут -5/10 бет
 [2] У.Зухайли, Уәжиз – 3/53 бет.
 [3] Несаи, Никах: 72.
 [4] Тирмизи, Никах: 6; Ибн Мәжаһ, Никах: 1896.
(Жоғарыда берілген жауап 2013 жылы muslim.kz сайтында жария етілген жазбамның аз-маз редакцияланып, қайта берілген түрі)

Абдусамат Қасым 

islam.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста