Шариғат бойынша балаға ат қою кімнің құқығы

Шариғат бойынша, бала әкеге тиесілі болып табылады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі fatua.kz-ке сілтеме жасап.

Балаға ат қою – әкенің құқығы. Шариғат бойынша, шешеге қарағанда бұл құқыққа әке лайықтырақ. Себебі, балаға тікелей жауапты адам – әкесі. Бала әкеге тиесілі болып табылады.

 

Бұл жөнінде Құранда былай айтылады:

 

وَعَلَى الْمَوْلُودِ لَهُ رِزْقُهُنَّ وَكِسْوَتُهُنَّ بِالْمَعْرُوفِ

 

Бала емізетін аналарды ас-ауқат және киім-кешекпен шариғатқа қайшы келмейтін қоғамдағы ғұрыпқа сай лайықты түрде қамтамасыз ету – баланың әкесінің міндеті[1].

 

Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен  сәлемі болсын) өз сөзінде:

 

مِنْ حَقِّ الْوَلَدِ عَلَى الْوَالِدِ ثَلَاثَةُ أَشْيَاءَ: أَنْ يُحْسِنَ اسْمَهُ إِذَا وُلِدَ، وَيُعَلِّمَهُ الْكِتَابَ إِذَا عَقَلَ، وَيُزَوِّجَهُ إِذَا أَدْرَكَ

 

«Баланың әкесіндегі ақысы үшеу: дүниеге келгенде әдемі есім қою, ақылы кіргенде Кітапті (дінді) үйрету және ер жеткенде үйлендіру» [2], - дейді.

 

Дегенмен, бір отбасы болғандықтан өзара ақылдасып, бірауыздан келісіп, балаға әдемі ат таңдаған жақсы болады.

 

Алла Тағала өзінің кітабында мүміндердің сипатын былай баяндайды:

 

وَأَمْرُهُمْ شُورَى بَيْنَهُمْ

 

«Олар барлық істерін өзара кеңесе отырып істейді»[3].

 

Қазақ дәстүрінде балаға ат қою көбінесе ата-әжеге табысталады. Себебі, қазақтың «Қарты бар үйдің – қазынасы бар», - деген мақалы бекер айтылмаған. Немере туғанда әке сый-құрмет ретінде ат қою ақысын өз әкесіне табыстайды. Өйткені, әке баланың өмірге келуінің себепшісі.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста