Оразаның сәресін міндетті түрде ішу қажет пе? Егер мен сәресіне ұйықтап қалып, күні бойы ешнәрсе ішіп-жемесем, ораза ұстаған болып саналам ба?
Әлия, «Алаш айнасының» сайтына түскен сұрақтан.
Егер сіз сәресіне ұйықтап қалған болсаңыз оразаңызды жалғастыра аласыз. Ең бастысы, ауыз ашарға дейін ешнәрсе ішіп- жемесеңіз болғаны. Бірақ сәресін жіберіп алудан сақ болыңыз.
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазан айында ауыз ашарға асығатын әрі өзгелерге де осыны айтатын. Сонымен қатар, Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) таң алдында сәресі ішуді бұйырған және де сәресі ішуді таң намазы кіргенде тоқтатуды бұйырған.
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Сәресінде береке бар, сондықтан оны жіберіп алмаңыздар, сендердің әрқайсыларың тым болмаса су ішіңдер. Расында Алла Тағала мен періштелер сәресі ішкен адамды жарылқайды».
Сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора