ШӘКӘРІМ ПҰТҚА ТАБЫНУДЫ ҚОЛДАҒАН БА?

Абай хәкімнің немере інісі һәм шәкірті, «Мұсылмандық шарты» кітабын шығарған, терең мағыналы өлеңдер мен «Үш анық» еңбегін жазған Шәкәрім атамызды кейбір кісілер кей өлеңдеріне қарап, «Шәкәрім қажы пұтқа табынуды қолдаған ба?» деген ұшқары пікір айтып, таңданып, тіпті күмәнданып жүр.

Оған себеп мына өлең:

«Тәңiрiнi iздеп бiр мұңғыл
Тас суретке шоқынса,
Өлсе де, болып соған құл,
Иманын бұзбай отырса.
Атақ, пайда iздемей,
Ойында мақтан жоқ болса,
Қиянатты көздемей,
Қанағатқа тоқ болса.
Молдеке, оған таңданба,
Сол кiредi бейiске,
Екi жүздi сандалма
Сен қаласың кейiсте.
Құдайың мен дүниеге
Кезекпе-кезек шоқынсаң,
Инедей пайда тие ме
Мешiтте мың жыл отырсаң?!
Кiмде болса шын мiнез,
Болмас онда екi сөз.
Өлтiрсе де көзбе-көз,
Иманын сатып, алмас бөз.
Иман да сол, дiн де сол –
Адаспайтын айқын жол,
Күнде, мейлiң, ыза бол,
Бейiске анық кiредi ол.
Мысал емес ындыным,
Әлгi мұңғыл – әулие,
Иманын сатқан жындының
Iздегенi – дүние!»

Негізгі әңгімеге көшпей тұрып, мына қағиданы ескерте кеткіміз келеді: «Әркімнен өз дәрежесіне сай сұралады». Сосын Алла Тағала қайсы бір қауымға пайғамбар мен шариғат жібермесе, онда ол қауымды Ақыретте жазаламайды.

Бұл жайлы қасиетті Құранның «Исра» сүресінің 15-аятында: «Пайғамбар жібермейінше ешкімді жазаламаймыз» деп анық айтылған. Яғни, Алла Тағала Өзін танытатын елші мен діни үкімдер жібермесе: адамдар Құдайға қалай құлшылық ету керектігін ақылымен шеше алмай, «құлшылық жасаймын» деп күпірлікке ұрынуы, тіпті Аллаға серік қосуы әбден мүмкін шаруа. Ал білімі болмаған, саналы түрде істелмеген амал-әрекет үшін (жоғары деңгейде) қатаң есеп алу – Тәңірінің әділдігіне сай келмейді…

«Сендердің әрбіреулерің үшін бір жол-жоба қойдық. Егер Алла қаласа еді, барлығыңды бір-ақ үммет қылар еді. Алайда, сендерге берген жол-жобаларында сынамақшы. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Біртұтас барар жерлерің – Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді» («Мәида» сүресі, 48-аят).

Осы тектес аяттарға сүйенсек, адам баласының әртүрлі дін ұстануы – пенделердің сол ұстанған дінінің аясында жауапкершілік арқалайтынын білдіреді (Бұл әрі біздің де өтер сынағымыздың бірі). Пендеге өзіне таныс өрісте – жүріп бара жатқан Жолында (дінінде) жақсылыққа ұмтылу бұйырылған.

Сондықтан мысалмен айтсақ, 3-сынып оқушысы 10-сыныптың емтиханын тапсырмайды! Әрине, хақ дін Исламның өзегі – таухид (бірқұдайшылдық) сенімі; оны түсінбеген адамның еңбегі – зая. Біз бұл жерде (тарих тізбегіндегі) соңғы діннің хабары, ақиқаты жетпеген адамдардың жағдайы жайлы сөз қозғап отырмыз…

Жалпы, асыл дініміздегі ең жиіркенішті нәрсе – екіжүзділік. Екіжүзділердің Ақыреттегі жағдайы жайлы қасиетті Құранның «Ниса» сүресінің 145–аятында былай баяндалған: «Анығында, мұнафықтар (екіжүзділер) тозақтың ең төменгі қабатында болады. Олар үшін ешбір жәрдемші таппайсың».

Екіжүзділік дегеніміз – жүрекпен иман келтірместен, басқаларды (ең бірінші кезекте, әрине, өзін) алдап, тек сыртын тақуа болып көріну. Ардақты Пайғамбарымыздың да (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) ең қатты қорыққаны – осы дерт еді.

Хадисте былай делінеді: «Шын мәнінде сендер үшін қорқатын нәрселерімнің ішіндегі ең қорқыныштысы – сендер кіші ширк жасап қоя ма деп алаңдауым». Сонда адамдар оның не екенін сұрағанда: «Бір істі көзге көріну үшін жасау», – деп жауап берген. Қысқаша қайырғанда: екіжүзділіктің нышаны болған жерде шынайы иман болмайды…

Бізге Құран Кәрімде шыншылдармен бірге болу бұйырылған: «Ей, иман келтіргендер! Алладан қорқыңдар, әрдайым шыншылдармен бірге болыңдар (турашылдықты ұстаныңдар)» («Тәубә» сүресі, 119-аят).

Туралықтың, адалдықтың қасиеті мына аятта да анық білдірілген: «(Ібіліс): «Раббым, мені адастырғаның үшін оларға жерде бойұсынбаушылықты көрікті етіп көрсетемін және олардың барлығын адастырамын. Бірақ, олардың ішіндегі тазарған (адал) құлдарыңды ғана адастыра алмаймын», – деді» («Хижир» сүресі, 39, 40 аяттар).

Енді мына бір қиссаға құлақ түрелік: «Бір күні Жәбірейіл періште (Оған Алланың сәлемі болсын!) Алла Тағаланың бір адамға разы болып, рақымын төккенін көреді. Жәбірейіл: «Ақиқатында Алланың бір әулие құлы болар» деп ойлайды. Бағы жанған пендені өз көзімен көруге көңілі ауған періште Раббысынан: «Уа,  Жаратқан Ием! Ол адамға деген махаббатыңның себебін түсіндірші?» – деп сұрайды. Сонда Алла: «Бәлен деген ауылға бар, сол жердегі ғибадатханадан табасың», – деп жауап береді.

Жәбірейіл жерге түссе, пұттың алдында құлшылық жасап тұрған адамды көреді. Таң қалған періште қайта оралып: «Уа, Раббым, пұтқа табынушыға да мейіріммен қарайсың ба?» – деп сұрайды. Сонда Алла Тағала: «Оның Мені дұрыс ұғына алмай жатқанына қарамаймын. Шындығында, Менің дәл қандай екенімді адамдардың ешқайсысы түсіне алмайды… Алайда қазіргі адамдардың ішіндегі ең данасы – осы адам. Хақиқи танымнан алыс болғанымен, бұл адамның жүрегі Мені іздеуде, Мені бар дүниеден артық жақсы көруде! Сондықтан ол Маған жақын! Өйткені Мен ең әуелі адамның жүрегіне қараймын!» – деп жауап беріпті»…

Сонымен түйіндесек:

1. Әркім өз дәрежесіне (сеніміне, дініне) сай жауап береді; суреттелген маңғұл да – өз сеніміне сай жауапкер;

2. Сыртқы түрін ұқсатқанмен, ішкі дүниесін былыққа батырған, яғни тіл-мұсылман болып, екіжүзділік дертімен айықпастай ауырған пенденің хәлі – мүшкіл.

3. Негізгі мәселе – ішкі хәлде! Өйткені: Жаратушы жүрекке қарайды, адал құлдарын жарылқайды.

Мұсылмандарға мәшһүр, Исламның негізін түсіндіретін «Алла сыртқы кескін-келбет, дене-пішініңізге емес, жүректеріңізге және амалдарыңызға қарайды» деген хадисті барлығымыз жақсы білеміз. Абай хакім де:

«Алла деген сөз – жеңіл,

Аллаға ауыз – қол емес.

Ынталы жүрек, шын көңіл,

Өзгесі Хаққа жол емес!» – дейді.

Ендеше бұл өлеңнің мақсаты – пұтқа табынуды қостау емес, осы екіжүзділік деген сұрқия дерттен сақтандыру; адалдыққа, ықыласқа, тазалыққа, ихсанға шақыру! Мұсылман адамды селт еткізетін мысалды келтіре отырып, ойлануға, опалы болуға шақыру!…

Иә, «Тәңірі жолы – ақ жүрек» (Шәкәрім). Ендеше қандай амал істесек те, адал жүрекпен, ақ ниетпен – Алла разылығын іздей отырып орындауды әрі дұрыс білім негізінде жүзеге асыруды жазсын! Рақымды Иеміз іші-сыртымыздың қатар таза болуын, Өзінің адал-ықыласты құлдарының қатарынан болуымызды нәсіп еткей!

 

Алғадай ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста