Шайтанның тұзақтары

Ібіліс жер бетіне түскенінде Алла Тағаладан былай деп сұрады:


– Йа Раб, мені қуып жерге түсірдің. Менің мұнда үйім жоқ.
– Үйің – моншалар болады.
– Қай жерде жиналамын?
– Көшелер мен базарларда.
– Тамағым не болады?
– Бисмиллаһсыз желінген нәрселер.
– Ішетін нәрсем не?
– Арақ-шараптар (Спиртті ішімдіктер).
– Азаным не болады?
– Музыкалық аспаптар.
– Кітабым не? Не оқимын?
– Әдепсіз (ұятсыз) өлеңдер.
– Менің хадистерім не?
– Өтірік сөздер.
– Тұзағыммен қақпаным не?
– Жаман әйелдер.
– Төсектес досым кім болады?
– Бисмиллаһсыз төсекке жататындар мен маскүнемдер.
– Сапарлас досым кім болады?
– Жолға шығарда Менің разылығыма қауышу үшін емес, өз нәпісінің қалауларымен жүретіндердің сапардағы досы боласың.
– Көмекшілерім мен елшілерім кім?
– Бидғатшылар сенің көмекшілерің, сиқыршылар сенің елшілерің.
– Бауырларым кім?
– Мүлкін ысырап ететіндер және жаман жолда жұмсайтындар сенің достарың болады.

 

Хазреті Имам Ғазали былай дейді: Әр адамда жабысып, мазасын қашыратын ең кемі бір шайтан болады. Шайтанның беретін уәсуәсәларынан сақтану керек.

Хадис шәрифте былай делінеді:
«Қанның тамырда жүретіні сияқты шайтан да адамның денесінде жүреді. Аштықпен (аз жеумен, ораза ұстаумен) оның жолдарын тарылтыңдар!» (Бұхари)
Шайтанның жүрекке кіретін жолдарының бірі – Алла Тағаланың затын (болмысын) ойландыру, күмәнға түсіру. Адамдардың ең ақымағы – ақылына ең көп сенетіні. Адамдардың ең ақылдысы – айыпты өзінен іздейтін және білмеген нәрселерін ғалымдардан сұрайтын адам.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Шайтан: “сені кім жаратты” деп уәсуәсә береді. Ол адам: “Алла жаратты” деп айтса, “Оны кім жаратты” деп уәсуәсә береді. Мұндай уәсуәсә келгенде: “Мен Алла пен Елшісіне иман еттім” десін!» (Бұхари)
«Алланың жаратқан нәрселерін тәфәккур етіңдер, бірақ затын (болмысын) тәфәккур етпеңдер!» (Әбуш-шәйх) (Тәфәккур – Ғибрат алатындай, пайдаланатындай етіп ойлану, пікірлеу дегенді білдіреді. Алла Тағаланың жаратқан махлұқтарының көркемдігін, жүйелі түрде жаратылғанын ғибрат алып ойлану) Жаман нәрселерді ойлап, жаман жерлерге барып шайтанға көмекші болмау керек! Өйткені хадис шәрифте «Құзға жақын жүргендер бір күні оған құлайды.» делінген. (Бұхари) 

mazhab.kz/kk/maqalalar/gibratnama/shaitannyn-tuzaqtary-1385/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста