Ет пен сүйектен жаратылған жұмыр басты пенденің ешбірі де күнәдан сақтандырылмаған – адамзат баласының табиғаты осындай. Хадистерге сай ешбір адам өз амалдарының арқасында Жұмаққа кіре алмайды, тек Алла Тағаланың мейірімінің арқасында ғана әрбір жан иесі Жұмақтық бола алады.
Бірақ бұл мәңгілік бақытқа қол жеткізу себептерін іздемеуіміз керек дегенді білдірмейді. Сонымен қатар, сананы орап алып, тура жолдан тайдыратын шайтанның құратын тұзағы туралы білуіміз керек. Кей кездері өз ойымыздың іс-әрекеттерімізге қатты ықпал ететінін бағалай бермейміз. Кейде мұндай ойлар санамызда найзағайдың жарқылындай болып өте шықса да артынан күмән ізін қалдырып үлгереді. Негізі, шайтанның құратын бұл тұзақтарын «айырып, тани білгеніміз» абзал болады.
1. «Бар-жоғы».
Ұжданы алдында адам азап шекпес үшін бұл тәсіл теріс қылық мәнділігін кемітіп көрсетіп отырады. Айқын күнәні «залалсыз» етіп басқа жағынан көрсету әрекеті. Шайтан бұл тәсілді қырық жыл оңашада құлшылық еткен бір тақуа адамға қолданған екен, ақыр соңында әлгі адам шайтанға құлшылық етіп кетіпті. Алдымен шайтан онымен достасып, бірге құлшылық етіп, ораза ұстап, сеніміне кіріп алған, содан кейін ол әлгі адамға адамдарды емде деп кеңес береді де бір қызды емде деп алып келеді, сонда тақуа адам бөтен қызға жақындауға бас тартқанда, шайтан оған:
«Сен бар-жоғы тек дуа айтып қана шығасың», - деп күбірлейді. Әлгі тақуа адамның өміріндегі алғашқы зина жасауы осы «бар-жоғы» сөздерімен басталып, алдау, қыз бен сәбидің өлтірілуімен, содан кейін шайтанға сәжде жасауымен аяқталған.
Хадистердің бірінде былай айтылған: «Асылында, мүмін адам күнәларына бір күні өзінің үстіне құлап түсетін таудай қарайды, ал бұзық адам өзінің күнәсіне танауының қасынан ұшып өтетін шыбындай қарайды».
Мысалы үшін, бір жынысты қарым-қатынасты қолдайтындар: «Бұл бар-жоғы екі адамның махаббаты ғана», - деп ақталады. Немесе өзгелердің мүлігін ұрлайтындар: «Біз бар-жоғы отбасымызды асырауымыз керек» деген сылтаулар айтады.
2. «Сәл-сәл», «тек бір рет қана», «тек бір жұтым ғана».
Бұл жағдайда шайтан айдап салып отырады, «бір рет» көп залал келтірмейді, содан кейін бас тартып, тәубеңе келе саласың деп үгіттейді. Бірақ есіңізде сақтағаныңыз маңызды – шайтан-алдаушы, оны нақ қазіргі сәт қана қызықтырады әрі адамды тура қазір күнә жасауға итермелеу үшін бар күшін салады. Ал «екінші реттің» кезегі келгенде, ол адамның артынан қалмай жүріп, жаңа тәсілдер, өзге дәлелдер тауып айдап салып отырады. Оны келешек қызықтырмайды, бір рет дәмін татқан соң, екінші рет дәмін көргің келмей ме дегендей еліктіріп әкетеді. Ал егер сізге ұнап қалса ше? Онда сізде екі нұсқа бар: әрі қарай жалғастырасыз немесе өз тілегіңізді жеңіп, қиналып жүре бересіз. Ендеше, «бір реттің» немесе «сәл-сәлдің» қаншама азапқа ұшырататынын білген жөн. Әсіресе, бұл тәсіл ішімдікке адамды телуде аса танымал. «Тек бір жұтым кедергі келтірмес», «бір-екі стақаннан әлі ешкім өліп қалған жоқ» деген сияқты азғырулар толып жатыр. Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Көп мөлшерде мас қылатын нәрсе, аз мөлшерде де харам» (Ахмад, Әбу Дәуд, Ат-Тирмизи).
Ендеше, аз күнәларды елемей қойғанды қояйық, өйткені солардың кез-келгені біздің өмірімізде жасаған соңғы әрекетіміз болып қалуы әдбен мүмкін.
3. «Бәрі де осылай жасайды ғой».
Адам баласы көп жағдайда қоғамға тәуелді болып келеді. Қауымдастықтың бір бөлігі болу мұқтаждығы және топтың сізді мойындауына қол жеткізуіңіз парасатты сананы жеңіп түсіп жатады. Осылайша, адам өзіне есеп бермей жатып, өзіне залалы тисе де қоғамның соңынан «бәрі де осылай жасайды ғой» деп ілесіп жүре береді. Алайда әркімге де ақылға салып ойлау мүмкіндігі берілген. Қасиетті Құранда былй айтылған:
«Ешбір күнәкар, басқаның күнәсын көтермейді. Күнәсы ауыр болған біреу көтеруге шақырса, егер жақыны болса да оған еш нәрсе жүктелмейді. (Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде Раббыларынан көрмей-ақ қорыққандарды, намазды орындағандарды ғана үгіттей аласың. Ал кім күнәдан тазарса, өзі үшін тазарады. Және барар жері Алла жақ» (35:18).
«Бәрі де осылай жасайды ғой» - деген жай ғана өзін-өзі алдайтын сылтау, негізі, ол күнә ауырлығын өзгертпейді әрі осы әрекетке қатысушыларды жауапкершіліктен босатпайды.
Адамның күнә жасамай жүре алмайтыны түсінікті жайт. Бірақ сіздің бақытыңызға кедергі болатын әркеттерден гөрі, амандық-саулығыңыздың дәлелі болып келетін «ақылдың айласын» біліп жүрген жөн.