Сынақ ретінде берілген бұл пәниде адам баласын азғыратын нәрселер көп. Соның ең бастысы нәпсі мен шайтан екені анық. Алла Тағала әу баста періштелер мен жындарды жаратқанда, шайтан жындар қатарынан табылған. Оны кейде әртүрлі атап жатамыз.
- Бір реттен ештеңе болмас;
- Әлі жассың;
- Алла жүректің тазалығына қарайды;
- Ол сен және Алланың арасындағы нәрсе;
- Зейнетке шыққанда жасарсың;
- Ел саған қарап емес, сен елге қарап өмір сүр;
- Ештеңе болмас, Алла бәрін кешіреді;
- Осыншама күнәдан кейін сені кешіруші мүмкін емес, болары болды;
- Көп ойланба, басың ауырады;
- Адам тозаққа да үйренеді;
- Ата-бабаларың солай істейтін;
- Ешкімді тыңдама! Олар да бір секта!