Садақаны кімге, қалай берген дұрыс?

Қазақ – жетімі мен жесірін жылатпаған, нысап пен нығметті, күпір мен кәуірді, обал мен сауапты жетік білген және оны әр ұрпағының санасына сіңірген текті халық.
Пітір садақасы – қазақы танымда "жан садақасы" деп аталған
85 грамм алтыны не сондай құнға ие байлығы бар адам бір жылда бір рет Ораза айт намазы оқылғанға дейін пітір садақаны беруге міндеттелген. Көбінесе ораза айы кезінде беріледі. Ол – жаңа туылған сәбиден бастап қартқа дейін уәжіп етілген (беру міндетті емес, бірақ, берсе жақсы) садақа. Пітірді отағасы береді.

Пітір садақасының мәні – өмірге келіп, жер басып жүргені үшін беріледі. Сонымен бірге маңайындағы мұқтаж адамдарға "адамдық қасиетін" әйгілеп берілетін көмек.

Пітір садақасының құны қалай есптеледі?
Пітірдің құны садақа беруші тұрған жердегі ішпек-жемек бағасына сай салыстырмалы түрде есептеледі.

Бұл туралы "Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық" атты кітапта былай жазылыпты: "Пітір садақасы мына төрт нәрсенің кез келген біреуінің өзінен немесе құнынан беріледі. Кедейлердің кез келген қажетіне ыңғайлы болғандықтан құнын беру – абзал".

Бидай немесе бидай ұнының уәжіп болған мөлшері: 1 келі 459 гр. немесе соның құны.
Арпа немесе арпа ұнының уәжіп болған мөлшері: 2 келі 918 гр. немесе соның құны.
Құрғатылған жүзімнің уәжіп болған мөлшері: 2 келі 918 гр. немесе соның құны.
Құрғатылған кұрманың уәжіп болған мөлшері: 2 келі 918 гр. немесе соның құны
Алайда, бұл жазылып, қатып қалған заң емес. Мысалы, ата-бабаларымыз қорасында бар малдың саны бойынша пітір садақасын есептеген. Берілген пітір мұқтаж адамның кемі бір қажетін қанағаттандырғаны дұрыс.
Кедейлер садақаны қалай береді?
Қазақта "жақсы сөз жарым ырыс" деген аталы сөз бар. Яғни, басы ауырып, балтыры сыздаған адамдарға психологиялық жақтан көмектесіп, ауырлығын бөлісу де – садақаға жатады. Немесе жұмысын істеп беру, жол бойы тұрған кісілерді ала кету, өнер-білім үйрету, асар жасау да түптеп келгенде садақа.

Мысалы, қазақтың көшіп келген ауылға "ерулік" апаруы, жол бойы қымыз ұсынуы, ас беруі мен той-томалақтағы таратылатын сыйлықтар мен тамақтардың барлығы бір қарағанда салт-дәстүріміз болғанмен, екінші жағынан өзара адамгершілік көмек екенін көруге болады.

"Жесірі мен жетімін жылатпаған елміз" деудің өзі – біздің халықтың адамгершілік пен азаматтықтың биік шыңын бағындырған текті халық екенін түсіндірері хақ.

Демек, әр ізгі ниетпен істелген іс садақа.

Садақа бергендер күпірлік ойлаудан сақтаныңыз
Күпірлік ету – берген көмегі не садақасына Тәңір, яғни Алла-Тағала сөзсіз разы болады, сауап жазады деп астамшылық сезімге берілу. Сол үшін кез келген игі, ізгі істі істегенде міндетсіну мен оны мақтан үшін пайдалану күпіршілікке әкеледі. Сол үшін атам қазақ әр кезде істеген ісі үшін "Алла күпірлікке жазбасын!" деп сақтанып отырған. Жақсылық жасадыңыз ба, оны ұмытыңыз.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста