Сабырлық

Әлемде барша адамның жаратылысы бірдей болғанымен, оларды бір-бірінен өзгеше етіп, ерекшелендіріп тұратын жеке тұлғалық қасиеттері болады. Адам баласы бұл қасиеттерді бойына алған тәрбиесі, араласатын ортасы, жанына жақын тұтқан адамдардың әсерінен қалыптастырады. Сондай бір адамды жақсылыққа бастайтын, айналасына тек пайдалы, нәтижелі іс жасауға жетелейтін қасиет &ndash сабырлық.

 

Сабырлық көбісінде болуы мүмкін, бірақ оны сақтай алатын, өз орнында қолдана алатын адамдар аз болып жатады. Көбісі, сабыр сақтасам хақым кетіп қалады, ынжық болып көрінемін деген ойға қалады. Бұл әрине қате.

 

Егер сізге біреу болмашы нәрсе үшін тіл тигізсе, байқамай қағып кетсе, не болмаса істің ақ-қарасын ажыратпай жатып сөксе,  неге сабыр сақтамасқа? Өзіңіздің дұрыс ойда екеніңізді осы бір ұлы қасиетпен неге дәлелдемеске?

 

Атақты ғалым Жүсіп Баласағұни бір сөзінде: «Шыдамдының айы оңынан туар» деген екен. Аталған сөз қарапайым болып естілгенімен, көбісіміз жанталасып, елден қалмайық деп жақсы табыс табуға, жақсы өмір сүруге ұмтыламыз. Ал, бірақ Алла сол нәрселерді тағдырымызға жазбаған болса, біз қайда асығамыз? Сондықтан әр істі байыппен, ақылмен шешіп, әрекет ету қажет.

 

Сабырлықтың сыйы тек бұл өмірде болады деп қателеспеңіз. Оның пайдасы, нәтижесін Алла Тағалаға мәңгі дүниеге де қалдырған. Осы жайлы Қасиетті Құранның Нахл сүресінің 96-аятында: «Расында, сабыр еткендерге жасаған амалдарынан да жақсы сый береміз», - деп айтылады. Әлемдердің раббысы Алланың өзі сабыр етушілерге жақсы сыйды уәде етіп тұрған болса, өткінші өмірдегі болмашы істерге неге сабыр етпеске?

 

Басыңызға қандай қиыншылық түспесе де, дұғамен көркем сабыр жасаңыз. Сонда нағыз мұсылманға, адамға сай болмысымыздан айнымай, шексіз сый-сияпаттарға ие боламыз! Алла мінезімізді көркем еткей!

 

 

 

Саран қалалық мешітінің наиб имамы

Мәулен Әбілхайыр

Ihsan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста