*1.Тамақты көпшілікпен бірге жеуде береке бар (Ибн Мажа).*
*2. Біссміллаһпен бастап жеген тамақта береке болады (Ибн Мажа).*
*3. Береке тамақтың ортасына түседі. Сондықтан оның шетінен жеңдер, ортасынан жемеңдер. (Термизий).*
*4. Таңда және сәрлікте береке бар. (Табараний).*
*5. Тамақтан алдын және кейін қолдарды жуу үйдің берекесін арттырады. (Шуйба).*
*6. Қайнап тұрған тамақты жеуде береке болмайды. (Дайламий).*
*7. Балда береке мен шипа бар.(Ғафилин).*
*8. Сіркеде, сүтте, құрмада береке бар. (Ибн Мажа).*
*9. Ризығына разы болғанның берекесі артады, разы болмағанның берекесі кемейеді.(Ахмад).*
*10. Саудада көп ант ішу малдың берекесін кетіреді. (Муслим).*
*11. Саудада береке бар, оған өтірік, қиянат араласса береке кетеді.(Бухарий).*
*12. Береке ұлықтарыңызда(қарияларыңызда). (Рафиий).*
*13. Бірінші туылған баласының қыз болуы әйелдің берекетті болуынан. (Ибни Асакир).*
*14. Қыз бала берекетті болады. (Дайламий).*
*15. Баласыз үй берекесіз. (Әбушайх).*
*16. Үйде жақсылық пен берекені көбейту үшін кіріп келгенде сәлем беріп кіру керек. (Харатий).*
*17. Дұға өмірдің берекесін көбейтеді. (Термизий).*
*18. Құран оқылатын үйдің берекесі артады, Құран оқылмайтын үй берекесіз болады. (Даримий).*
*19. Мүсәпір мың береке мен мың рақмет алып келеді. (Нисабул ахбар кітабынан).*
*20. Үйден ерте шыққан істе береке болады. (Баззар).*
*21. Жолға шыққанда досымен кездесіп қалып оның дұғасын алса, сапары берекетті болады. (Дайламий).*
*22. Ата-анасына қызмет істегендердің өмірі берекелі, оларға қарсы болғандардың өмірі берекесіз болады. (Ислам тәрбиесі).*
*23. Мухаммад есімді үй мен жерде береке болады. (Дайламий).*
*24. Таң намазының сүннетін үйде оқу, ризықтың берекетті болуына себепші болады. (Имаду ислам).*
*25. Намаз оқитын кісінің ризығы берекелі болады. (Кутуби Ситта).*
*26. Саудада уәделескен қарызды беруде және арпа араласқан нанда береке бар. (Ибн Мажа).*
*27. Үйде қоқыстың болуы берекесіз болуына себепші болады. (Дайламий).*
*28. Пасықтар мен пайыз жеушілердің табысында береке болмайды. (Дайламий).*
*29. Бір жамағатта бірі сөйлеп тұрғанда қалғандары тыныш тұрып тыңдамаса, ол жер берекесіз болады. (Байхақий).*