Рамазан айында қандай іс-шаралар өтеді

Рамазан айында елорданың ірі мешіттеріне автобустар ұйымдастырылады, деп хабарлады Астана әкімдігінің сайты.
"Aстанада 15 мешіт жұмыс істейді. Оның ішінде бес ірі мешітте әкімдік бөлген қосымша 15 автобус жамағатты тасымалдайды. Бұл автобустар 22 наурыздан 20 сәуірге дейін тегін жүреді. Олар келесі бес мешітке барады: Орталық (5 автобус), "Әзірет Сұлтан" (4 автобус), Әбу Насыр әл-Фараби (3 автобус), қажы Рафия ана (2 автобус), Рахымқызы Райса ана (1 автобус). Тарауық намазы кезінде қала мешіттеріне 30-35 мыңға жуық адам қатысады деп күтілуде", - деп атап өтті Нұрдәулет Әлмұханов.
Рамазан айында күн сайын кесте бойынша мешітке келушілер мен мұқтаж жандар үшін ауызашар ұйымдастырылады. Алдын ала белгіленген уақытта Астана мешіттерінде ерекше ауқымды ұжымдық дұғалар жасалады.
"Рамазан айында қала мешіттерінде Құран аяттары толық оқылады, бірақ әртүрлі жағдайларға байланысты мұндай ұзақ құлшылықтарға қатыса алмайтындар үшін Шұбар ауданындағы Әл Ғани мешітінде тек Тарауық намазы оқылады. Онда Құран толық оқылмайды", - деді Астананың және "Әзірет Сұлтан" республикалық мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов.
Ерболат Жүсіпов биыл пітір садақтың көлемі 535 теңге мөлшерінде белгіленгенін айтты.
"Әзірет Сұлтан" республикалық мешітінің нәйіб имамы Темірлан Ибраев мешіттерде көпбалалы отбасыларға, аналарға, ауруханаларға арнайы барып, қайырымдылық жасалатынын айтты.
Темірлан Ибраев сонымен қатар бизнес иелеріне үндеу жасады: ол дүкен иелеріне азық-түлік бағасын көтермеуді, бұл әсіресе ораза ұстаушылар үшін бұл маңызды екенін, ал жұмыс берушілерге ораза ұстайтын қызметкерлерге түсіністікпен қарауды сұрады.
Биыл Рамазан айы 23 наурыздан 20 сәуірге дейін, яғни 29 күнге созылады. Ораза айт 21 сәуірде, ал Қадір түні 17 сәуірден 18-іне қараған түні өтеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста