Мұсылман ғұламалар мұсылман қыз-келіншектерге әлеуметтік желілерге суреттерін салудың (хиджабпен болса да) орынсыз екенін бұрыннан ескертіп келеді. Мұндай қылықтың қыз бала үшін ерсі екенін былай қойғанда, бұл қауіпті болуы мүмкін – пасық адамдар сіздің суреттеріңізді өздерінің жиіркенішті және арам мақсаттарында пайдалануы ықтимал. Бірақ, өкінішке орай, бұл ақыл-кеңеске құлақ түріп жатқан әпке-қарындастарымыз некен-саяқ.
Біз жақында мұндай жеңілтектіктің неге апарып соғатынының айқын мысалын жаңалықтардан көрдік. Бұл жағымсыз жайт әпке-қарындастарымызға сабақ болар және бір ауық ғұламаларымыздың айтқандарын тыңдау керектігін көрсетер деп үміттенеміз.
Душанбе. Тәжікстанның ІІМ-не қыздардан олардың суреттері әлеуметтік желілердегі порнопарақшаларда пайдаланылғандығына байланысты ар-ұяты мен намысының қорланғандығы жайлы шағым кеп түсуде, деп хабарлады құқық қорғаушы мекеменің баспасөз хатшысы Умарджон Эмомали.
"Соңғы уақытта бізге Instagram әлеуметтік желісіндегі порнопарақшаларда суреттері жарияланған қыздардан он шағым кеп түсті", — деді ол.
Оның айтуынша, ІІМ-нің тексеруі барысында әлгі парақшалардың модераторлары шет елде тіркеліп, орналасқандығы анықталды, деп хабарлайды РИА Новости.
Баспасөз хатшысының айтуынша, шағымда беймәлім тұлғалардың Facebook, Instagram және «Одноклассники» әлеуметтік желілерінен қыздардың суреттерін алып, «Тәжікстанның жезөкшелері» деген парақшада жариялап, астына адамның ар-намысын қорлайтын пікір қалдырғандығы айтылған.
Қыздар суреттерінің порнопарақшаларда пайдаланылатынына шағымдануда
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора