Қымыз ішуге шариғат қалай қарайды?

Қымыз ішуге шариғат қалай қарайды?

Ассалаумағалейкум! Қымыз ішу жайында сұрақ қойғым келген еді. Көп сұралып жатқан да шығар. Сонда да білгім келгені қымыздың құрамында аз да болса спирт болады екен. Оны ішсе күнәсі жоқ па? Азамат


Жауап
Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! 

Құрметті Азамат, еті адал малдың сүті де адал. Бұған Ислам ғалымдары арасында талас жоқ. Қымыз – еті адал саналатын жылқы сүті болғандықтан, харам деуге болмайды.

Тек ханафи ғұламалары арасынан Имам Мұхаммед қатты ашыған жылқы сүтін ішу харамға жақын мәкруһ деп есептеген. (Ғұламаның «қатты ашыған жылқы сүті» дегені, сол біздің қымызымыз болса керек).

Дегенмен, ұлық имам Әбу Ханифа және Имам Әбу Юсуф көзқарасы бойынша ашыған болса да, жылқы сүті адал. Әрине, масайтатын ерекшелігі пайда болып, көп ішкен адамды мас қылып жатса, оның үкімі бөлек[1]. Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мас етуші ішімдіктердің бәрі харам. Көп ішкенде мас ететіннің азы да харам»[2], - деген. 

Бірақ, қымызды қанша ішсе де кісіні мас қылмайтыны белгілі. Сондықтан да, қымыз ішудің діни тұрғыда ешқандай күнәсі жоқ деуге негіз бар.

Ал, құрамындағы ашу барысында өздігінен пайда болған аз мөлшердегі спирт сырттан әдейі қосылмағандықтан әрі қанша ішсе де масайтпайтындай аз болғандықтан, негізге алынбайды. Өйткені, аз көлемде өздігінен пайда болған спирт ашыған айранда да, тіпті ашыған нанда да бар.

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым

 


[1] Хашияту Ибн Ғабидин – 10/38 бет.
[2] Ибн Мәжә: Әшриба – 3392 хадис.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста