Қыл көпірден қалай сүрінбей өтуге болады?

Қыл көпірден қалай сүрінбей өтуге болады?

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Ислам ақидасындағы «Самғиат» бабына қарасты ақырет күніне иман келтіру парыз болып табылатыны сөзсіз. Қиямет қайым – иман негіздерінің басты алғы шарттарының бірі болмақ. Ол күні жаратылыс атауы қайта тіріліп, мәңгі өмір сүреді, сол күні жақсы-жаман іс-әрекеттер таразыланып, әділ жаза беріледі. Хақ Тағала бұл жөнінде қасиетті Құран Кәрімде (Тағабун, 7):
«Сондай қарсы болғандар, әсте қайта тірілмейміз деп ойлайды. Оларға айт: Жоқ, Раббыма ант етемін. Әлбетте, өлгеннен кейін қайта тірілесіңдер. Сосын сендерге не істегендерің түсіндіріледі. Осылар Аллаға оңай де»,-деген аят жолында пенде өлгеннен кейін қайта тірілетіндігі баяндалады.
Ендеше, қиямет күнгі қайта тірілгеннен соң «Сырат көпірі», яғни қыл көпір тұрғысында тоқталмақпыз.
Араб тіліндегі «Сырат» сөзінің мағынасы – жол деген мағынаны бiлдiреді. Ал, шариғаттағы мағынасы: «Сырат көпірі – тозақтың үстiне тартылған қылдан жіңішке, қылыштан өткір көпір». Бұл көпірден барлық жаратылған жан иелері өтетіні рас. Өйткені, «Сырат көпірі» тұрғысында Құран мен сүннеттен келген бұлтартпас дәйек негіздер де аз емес.
Илаһи деректерде қыл көпірдің шаштан жіңішке, қылыштан да өткір екендігі айтылады. Ал, кейбір Ислам ғұламалары бұл деректің сыртқы мағынасына мән беріп (яғни шаштан жіңішке, қылыштың жүзінен де жұқа деген): «Көпір қылдан жіңішке болғанымен, мұсылмандар одан еш қиналмастан өте алады. Өйткені, Жаббар Хақтың құлдарын қыл көпірді осылай оңай өткізуге толық құдіреті жетеді» деп түсіндірме жасаған. Ал, келесі бір әһлу сүннәт ғалымдары: «Бұл арада көпірдің сипатын тура мағынасында түсінбеу керек, мұнда, керісінше астарлы мағынасы меңзелген. Себебі, қыл көпір кейбіреулерге қиыншылық туғызады. Кейбір илаһи хабарларда келгендей, Жәбірейіл періште көпірдің басында, Микайл ортасында тұрып, адамдардан уақытын қайда жұмсады, жастық шағын неге сарп еткенін, мал дүниесін қандай жолмен тауып, қайда жұмсағандығын сұрайды. Көпірдің жиегінде ілгектер болады. Қылған амалына қарай пендені осы ілгектер іліп алып тұрады»,-деп ашықтаған [1/52-б.].
Дегенмен, ақылды діннен жоғары қойған кейбiр жат ағымдар Сыратты жоққа шығарған. Сырат көпірін жоққа шығарушылар «Мұғтазила» ағымы еді. (Тарих сахнасында пайда болған «Мұғтазила» ағымы, негізін қалаған Уасил Ибн Ата).  Олар:  «Кімде-кім қыл көпірдің болатынына нанып, оның шаш талшығынан жіңішке, тіпті қылыштың жүзінен  де өткір деп сипаттаса, онда қыл көпірден өту мүмкін емес, болған күннің өзінде пайғамбарлар пен салих мұсылмандарға қиямет күні қиындық туғызады. Сондықтан, Құран мен сүннетте айтылған қыл көпір жәннәтқа немесе тозаққа апаратын жол деп түсінген жөн», - деп пайымдады [1/52-б.].
Ал, сүннет жұрты және жамағатының ғұламалары «Сырат» көпірін бірауыздан хақ деп мойындаған. Өйткені Ислам ғұламаларының негізгі дәйегі Құран мен сүннет болды. Оған дәлелдер келтіретін болсақ, қасиетті Құран Кәрімде (Саффат, 23-34):
«...Оларға тозақтың жолын көрсетiңдер, оларды тоқтатыңдар. Өйткені олар сұраққа тартылады»,-деген. Сондай-ақ, Алла Тағала Құранда (Ясин, 66):
«Сонда,олар жол іздесе»,-деп бұйырады.
Кейбір хадиснама деректерінде «Сырат көпірі» Пайғамбарымыз Мұхаммедпен  (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кездесетін мекендердің бірі болатындығы жөнінде баяндалған.
Осы орайда ,Ахмад Бин Әнәстан жеткен мына бір хадисінде:
Хазреті Әнәстән (Оған Алла разы болсын) жеткен: «Уа, Алланың Елшісі! Mаған қиямет күні шапағатшы болыңыз!»,-деген болатын.
Сонда Пайғамбарымыз  (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
–  Шапағатшы боламын,-деді.
Мен Оған: «Сізді қайдан іздеп, таба аламын? » .
–  «Мені алғаш іздегеніңде, Сыраттың бойында боламын!» –деді.
–  «Егер сізді ол жерде кездестіре алмасам?»
–  «Мизанның қасынан ізде», -деді.
–  «Ал, егер де ол жерден таба алмасам?»
– «Олай болса мені Хауыздың жанынан ізде! Өйткені мен ол үшеуінен басқа жерде болмаймын!»,-деген екен [2].
Айша (Оған Алла разы болсын) анамыздан жеткен бір риуаятта: «Тозақтың оты есіме түсіп, жыладым. Алланың елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Неге жылап отырсың?»- деп сұрады.
- Иа, Алланың Елшісі! Жәһаннам есіме түсіп, сол үшін жыладым! Сіз қиямет күні отбасыңызды есіңізге аласыз ба?
Сонда Пайғамбарымыз  (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Үш жерде адамдар бірін-бірі есіне алмайды: біріншісі – Мизан күні, амалдары ауыр  немесе жеңіл болғанын білгенге дейін; Екіншісі – амал дәптері берілетін күн: (оң жағынан ба, сол жағынан ба әлде арқасынан беріле ме?) деп білгенге дейін; Ал үшіншісі – Сырат жанында: көпірді өткенге дейін ешкім бірін-бірі есіне алмайды»,-деген болатын. (Әбу Дауіт пен Әбу Хаким) [3].
Сыраттан әр пайғамбар өз үмбетімен өтетіндіктен, әз пайғамбарлар өз үмбеті үшін Аллаға жалбарынып дұға етіп, жарылқау сұрайды. Яғни: «Аллам, өзің амандық бере гөр!» деп дұға етеді. Сырат көпірінің қандай екендігі жайында хадистерде дәлме‑дәл нақты ешқандай мәлімет жоқтың қасы. Сондықтан оның болмыс‑бітімінің қандай екендігі бір Аллаға аян.
Пайғамбарымыз бұл мәселе жөнінде: «Тозақтың үстіне сырат құрылады. Одан бірінші өтетін Мен және үмбетім болады. Ол күні Пайғамбарлардан басқа ешкім сөйлемейді. Пайғамбарлардың дұғасы да: «Аллам, амандық бер!» болады»,-дейді. (Бухари, Азан 129; Муслим, Иман 81) [4/199-б.].
Қиямет күні ең алғаш қыл көпірден өтетіндер олар пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) және оның үмбеті өтетіндігі жөнінде мына хадис-шәріптен көруге болады:
Пайғамбарымыз (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын): «Жәhаннамның үстiнде Сырат көпірі құрылады. Ол жерден ең бiрiншi болып өтетiн  Мен және Менің үмбеттерiм»,-деген. (Бухари).
Енді бір хадисте: «Жәhаннамның үстiндегi Cырат көпірі қылыштың өткір жүзі секілді жіңішке. Екі жағында ілмектері және тікендері бар. Сыратты өткенде, (амалы жаман болғандар) ілмектер мен тікендерге ілінеді»,-деген. (Байқаhи)
Әбу һурайра  (Оған Алла разы болсын) Пайғамбарымыздан (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) риуаят етті: «Жәhаннамның ортасына Сырат (көпірі) құрылады. Ол жерден Пайғамбарлардың үмбеттерімен бірге алдында Мен боламын. Ол күні Пайғамбарлардан басқа ешкiм сөйлей алмайды. Пайғамбарларда «Уа, Аллам құтқар, құтқар!»-дейдi»,-деген. (Муслим мен Бухари).
Имам әл-Қуртубидің «Тәзкира» атты еңбегінде кейбір әсәрлардан былай жеткізеді: 
Cырат көпірінен жеті амал бойынша сұрақтар сұралады:
1.Иманнан сұралады. Ол – Алладан басқа тәңір жоқ екендігіне, ықыласпен куәлік етуі;
2.Намаз;
3.Зекет;
4.Ораза;
5.Қажылық пен умра;
6. Ғұсыл алу-алмауы;
7. Ең ауыры - Aдам ақысы, ата-ана және туысқан ақысы;
Сондықтан да, кісі ақысы ең қиыны болып табылады [5/192-б]. Жалпылама қарастырар болсақ, барлығы дерлік Алла Тағаланың бұйырғандары мен тыйған тыйымдарымен тікелей байланысы баяндалады. Өйткені пенде ақыретте қайта тірілгенінен бастап-ақ жаннатқа екі аяғымен кіргенге дейін сұрақ-жауаптан өтетіндігін көрсетеді.  
Ендеше, хадис мәтіндерін саралай отырып, мүміндердің Сыраттың үстінен тез өтіп-өтпеуі, олардың харам нәрселерді жасау-жасамауына байланысты екендігін аңғарамыз. Күнәлі істерді ойына алып, бірақ, бас тартқандар тез өтеді. Сыраттың үстіндегі әр мүміннің тек өзі ғана пайдалана алатын бір нұры болады.  Бұл нұрды өзінен басқа ешкім қолдана алмайды. Нұрына байланысты Сырат кең немесе тар, қиын немесе оңай болады [6]. Қасиетті Құран Кәрімде (Тахрим, 8):
«Әй мүміндер! Аллаға шынайы тәубе қылыңдар! Раббыларың жамандықтарыңды жойып, астарынан өзендер ағатын жұмақтарға кіргізуі үміт етіледі. Алла, ол күні, Пайғамбарды, онымен бірге иман келтіргендерді кейітпейді; олардың нұрлары алдарында, оң жақтарында жүреді. Олар: «Раббымыз! Нұрымызды толықтыр, бізді жарылқа. Сөзсіз Сенің әр нәрсеге толық күшің жетеді» - дейді. Бұл аятта мүміндердің нұрларын айтуда, иман мен амалдарымен келген нұрлары Сырат көпірінде көмектеседі. Сыраттан өтерде,мұнафықтар қараңғыда қалғанда, мүміндер:
«Уа, Раббым! Нұрымызды сөндіріп, бізді де кәпірлер мен мұнафықтар секілді қараңғыға тастама. Баратын жерімізге дейін нұрымызды жалғастыр, нұрымызбен қуанттыр, қараңғыда қалып, өкініште болмайық» -деп жалбарынады [7].
Сырат көпірі жағдайына қарасты бірнеше хадиснама деректеріне көз жүгіртіп көрелік:  «Сырат көпірінен өтуі әрқайсысының нұрына байланысты. Біреулері көзді ашып-жұмғанша, біреулері жұлдыздың аққанындай, енді біреулері шапқан ат секілді өтеді. Нұры аз болғандар сүрініп, қолдары, аяқтары таяр, қайта жабысып, әрең  дегенде өтеді. » (Табaрани)
«Жәһаннам оты үстінен өткен мүміндерге: «Ей, мүмін! Тез өтші! Сенің  нұрың менің жалынымды сөндіруде»-дейді. (Табaрани)
«Кейбіреулері сыраттан қалай өтіп кеткенін білмей, періштелерден сұрайды екен: «Сырат пен Жәһаннам қайда қалды, біз олардан өттік пе? ». Сонда періштелер: «Сендер Жәһаннам үстіндегі Сыраттан өттіңдер, бірақ Жәһаннам оты сендердің нұрларыңнан жасырынып, өртінді», -дейді. (Жами ус- Сагир)
«Намаз, Сыраттың үстінде нұр болады»,-деген  (Дара Кутни)
«Үмбеттерімнің біреуі, Сырат көпірінен сүрініп, өте алмай жатқанда, маған айтқан салауаттары оны қолынан сүймелдеп, аяғынан тұрғызып өткізер. Осылай Сыраттан өтер»,-деген. (Табaрани).
Пайғамбарымыз  (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмбеттерінен болған кейбіреулері, қабірден оянған уақытында бірден Жәннатқа кетеді. Сонда періштелер оларға:
- Сендер есеп-қисап көрдіңдер ме?
- Жоқ, ешқандай есеп-қисап болған жоқ.
- Сендер көпірден өттіңдер ме?
- Жоқ, ешқандай көпірден өтпедік.
- Сендер Жәһаннамды көрдіңдер ме?
- Жоқ, ешқандай Жәһаннамды көрмедік.
- Сендер қандай амал етіп, есеп-қисаптан және Сыраттан өтпестен қалайша бірден Жәннатқа кірдіңдер?,-деп сұрайды.
Сонда олар: « Біз екі амалымыздың арқасында бұл нығметке ие болдық. Алладан ұялып, жалғыз қалған уақыттарымызда күнә жасамадық. Алланың берген аз рызығына разы болдық».
- Олай  болса, расында да, бұл нығмет сендердікі екен-дейді. (Ибни Хиббан).
Cыраттан өткен мүміндер екі су бұрқағының жанына келеді. Біреуінде жуынады, екіншісінен су ішер. Осылайша тап-таза болғаннан кейін Жәннаттың есігіне келеді. Періштелер «Зумар» сүресінде айтылғанындай: «Сендерге сәлем болсын, қош келдіңіздер! Жәннатқа кіріңіздер!».-дейді. Сосын  оларға Жәннат киімдері киіліп, барлығы Жәннатқа кіреді [8].
Қорыта келгенде, Ислам ақидасында әрбір мұсылман жан Cырат көпірінің болатындығына сенуі – міндет. Кейбір «Мұғтазилалар» сынды жат ағымдардың сыратты жоққа шығарған ақидалары негізсіз болмақ. Ал, қасиетті Құран мен сүннеттегі бұлтарпас дәйек негіздерге иман келтіре отырып, жоғарыда зерделеген хадиснама деректеріне ерекше көңіл бөлуіміз ләзім. Қарастырылған мәтіндердің мән-мағынасын түсініп, бүгінгі күніміздегі іс-әрекеттерге назар аударып, Сырат көпірінің болатындығына шынайы иман келтіріп, Алла Тағала иісі мұсылманның тозақтың үстінен тартылған қыл көпірден қиындықсыз өтуін нәсіп етсін.
Серік ТӘЖІБАЕВ,
Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті  университетінің оқытушысы, 
ғылыми қызметкер, магистр   Айгул МУСАКУЛОВА
ОҚО, оқытушысы
muftyat.kz
(Тақырыбы өзгертілген)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста