Құраннан қате іздеген Гари Миллер тағдыры

Гари Миллер &ndash Сауд Арабиясындағы Фаһд патша атындағы Мұнай және кен университетінің Математика кафедрасының зерттеу бөлімінің мүшесі. Ол христиан дінін насихаттау саласындағы белсенді миссионерлердің бірі болатын. Киелі кітап бойынша білімі терең маман еді. Математиканы ерекше сүйетін Гари логиканы да жақсы көретін. Басқаша айтқанда, әрбір істе жүйелі қисындылықты талап ететін.

 

Ислам дінін қабылдау оқиғасы

 

Күндердің күні ол Құранды толықтай оқып шығуға бел буады. Мақсат &ndashбіреу. Мұсылмандарды христиан дініне насихаттау барысында, Құранның қателіктерін олардың бетіне басу. Ол 15 ғасыр бұрын жазылған көне кітап ішінен шөл дала және сол сарындағы оқиғаларды оқимын деген ойда болды. Бірақ, Құраннан әлемдегі ешбір кітапта жазылмаған дүниелерді оқыған кезде абдырап қалды.

 

Сонда да ол үмітін үзбей, Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) жұбайы Хадиша және ұл-қыздарынан айырылған кездегі жүйкесі жұқарып, күйзеліске ұшырағаны жайлы бір жазбалар оқимын деп ойлаған-тын. Керісінше, толықтай «Мәриям» атты сүрені көргенде қатты таң қалды. Мәриям анаға деген Құрандағы құрмет басқа киелі кітаптардың ешқайсысында жоқ еді. Тіпті, Інжілдің өзінде де. Ал, Айша немесе Фатима деген сүрелер атымен жоқ. Сонымен бірге, Иса (ғ.с.) есімі Құранда 25 рет аталып өткен. Ал, Мұхаммед (с.ғ.с.) есімін қанша үңіліп іздегенімен, бар-жоғы бес-ақ жерден кездестірген Гаридың таңданысы ұлғая түсті.

 

Бірақ, әлде де болса, бір қате тауып алармын деген оймен Құранды оқуын тоқтатпайды. Сонда: «Олар Құранға зер салып қарамай ма? Егер ол (Құран) Алладан басқа біреудің тарапынан болғанда, олар онда көптеген қайшылықтар табар еді[1]»,&ndash деген аятты оқығанда шалқасынан түсті.

 

Доктор Г.Миллер бұл аят жөнінде: «Қазіргі таңдағы ғылым негізі &ndash теориясы дұрыс болу үшін оның, қателерін анықтап, оларды түзету. Ал, Құранның мұсылман және мұсылман еместерге Құран ішінен қате табуға шақыруы &ndash ғажайып құбылыс. Бірақ, ол қатені табу қайда!», &ndash деген екен. Осындай ойға тоқтаған ол: «Әлемде ешбір кітап авторы шығармасын жазып болған соң, еңбегімде ешбір қате-кемшілік жоқ, қаласаңдар өздерің іздеп көріңдер деп айтуға батылы бармас еді», &ndash деген екен.

 

Доктор Г.Миллерді ерекше таң қалдырған аяттардың бірі: «Аспан мен жер біртұтас болып, біз оларды ажыратқанымызды және әрбір тірі нәрсені судан жасағанымызды күпірлік етушілер көрмей ме? Олар сонда да сенбей ме?[2]». Доктор: «Шын мәнінде, бұл аят &ndash 1973 жылы Нобель сыйлығы берілген ғылыми жаңалық &ndash үлкен жарылыс теориясының дәл өзі. Аятта қазіргі ғалам үлкен жарылыс нәтижесінде пайда болғанын баяндауда», &ndash дейді.

 

Аяттың соңғы бөлігінде су тіршілік көзі екені айтылады. Доктор Гари Миллер: «Бұл &ndash ерекше таң қалатын жайт. Ғылым соңғы жылдары ашқан жаңалықтың бірі, жасуша 80 пайыз цитаплазмадан құралады. Цитаплазма &ndash судың негізгі құрамы. 1400 жыл бұрын жазу-сызуды білмейтін кісі аспаннан иләһи уахи келмесе, қалайша мұның барлығын білуі мүмкін», &ndash деген екен.

 

Осылайша, Миллер 1977 жылы Ислам дінін қабылдайды. Ислам діні насихатшыларының біріне айналған Г.Миллер себебімен көптеген адамдар мұсылман болды.

 

 

muslim.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста