Құранда Юрий Гагарин туралы айтылғанынан хабардарсыз ба?

 Күн өткен сайын Құранның құпиялары ашылуда. Оның әр аятының тегіннен тегін түспегеніне ғалымдардың көзі жетіп, ашқан жаңалықтарын халыққа қуана хабарлауда.

Сондай ғалымдардың бірі, астронавтика, космос ғылымдарымен айналысатын профессор өзінің ғылыми еңбегінде ғарышқа алғаш жол салған ұшқыш жөнінде әңгімелейді: «Құдайға сенбейтін коммунист Юрий Гагарин ғарышқа ұшып, иллюминатор арқылы Жерді алыстан көргенде: «Мен не көріп тұрмын? Бұл түс емес пе? Әлде менің көзім байланды ма?» деген болатын. Бұл 1961 жыл. Ал мың жыл бұрын жазылған Құранның “Хижр” сүресінде былай делінеді: “Бұл халық бұрын сенсе де, кейін Құдайға сенбеді”. 1961 жылы коммунистер де, осы космонавтика айналысында жүрген мамандар да сенімнен алыста болатын. Бірақ революцияға дейін олар да Құдайға сенетін еді ғой әрі шіркеулері бар болатын. Құран аятының дәлдігін көрмейсіз бе?! Яғни, осыдан 1400 жыл бұрын адамзаттан ғарышқа алғаш кім ұшатыны белгілі болған болды ғой! Ары қарай аяттарға үңіліп көрейік: “Біз оларға аспан есіктерін ашуға мүмкіндік бергенде, олар оған көтеріледі. Сосын “Мен не көріп тұрмын? Бұл түс емес пе? Әлде менің көзім байланды ма?” дейді. Гагариннің айтар сөзін Құранда келтірген Алла Тағала бұл оқиғаның қашан, қай жерде болатынын, кімнің не айтатынын да сөзсіз жақсы білген.

Құдіретті көрмейсіздер ме?! Ғалымдар ғарышқа бастар есікті аспаннан қаншама жылдар бойы іздеп, әрең дегенде Байқоңырдан тапты. Бір қарағанда ап-ашық көрінген аспанда да жолдар бар, ғарышқа бастар қақпа бар екені, оны Алланың өз аятында “көктен бір есік ашсақ...” деп беруі қандай ғажап! Бұл Құранның бірер аятының ғалымдардың толассыз еңбегінің арқасында мәлім болған сыры ғана. Ал астарына құпия бүккен аяттар қаншама...

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста