Дубай әмірлігінің бастамасымен салынып жатқан Құран саябағының басты мақсаты келушілердің табиғат сұлулықтарын тамашалаумен қатар қасиетті Құран Кәріммен жақынырақ таныстыру болып табылады деп хабарлайды Muslim.kz.
Фото: muslim.kz
60 гектар аумақты алып жатқан саябақ ішінен Құран кәрімде келтірілген 54 өсімдіктің түрін көре аласыз.
Саябақ ішіндегі арнайы желдеткіші бар жерасты жолдарында жоба бойынша Құрандағы кей оқиғалардың аудио және бейне нұсқалары қосылып тұратын болмақ.
Сондай-ақ, саябақ маңындағы өзге нысандар балаларға арналған ойын алаңын, Ұмра бұрышын, ашық аспан астындағы театр және велоспорт алаңдарын ашуды жоспарлап отырған көрінеді.