Құран осылай оқылуы керек

 Пайғамбарымыз (с.а.с.) асхабымен бірге бір сапардан Мәдинаға қайтып келе жатқан кезінде бір жерде түнеп қалады. Асхабына қарап:

- Бұл түнді кім күзетіп шығады? – деп сұрады.

Мүһәжірлердің арасынан Аммар бин Ясир мен ансарлықтардан Аббад бин Бишр жалма-жан:

- Сен түннің қай бөлігін күзеткің келеді, басында ма, әлде соңында ма? – деп сұрады.

Аммар (р.а.):

- Соңғы бөлігінде күзеткім келеді! – деді де жантайып ұйқыға кірісіп кетті.

Ал Аббад болса намаз оқи бастады. Сол кезде бір мүшрік келді. Тік тұрған бір бейненің көлеңкесін көргенде, оның бекетте тұрған күзетші екендігін түсініп, дереу оқ атты. Оқ Аббадқа дәл тиді. Аббад оқты алып тастап, намазын оқи берді. Әлгі мүшрік екінші рет, сосын үшінші рет атып, дәл тигізді. Әр жолы Аббад (р.а.) аяғында тік тұрған күйі оқты суырып алып тастап, намазын жалғастыра берді. Сөйтіп тұрғанда рүкуғ, артынан сәждеге жығылды. Сәлем бергеннен соң серігін оятып:

- Тұр, мен жараландым! – деді.

Аммар атып тұрды. Мүшрік оларды көрген кезде шегініп, қашып кетті.

Аммар Аббадтың қансырап тұрғанын көргенде:

- Сүбханалла! Алғашқы оқ атылған кезде-ақ мені оятпадың ба? – деді.

 

Аббад өзінің намазға, құлшылыққа деген құлшынысы мен тоятсыздығын көрсеткен мына керемет жауабын берді:

- Бір сүре оқып жатқанмын. Оны бітірмей намазымды бұзғым келмеді. Бірақ оқтар арт-артынан тие бастаған соң, оқуды доғарып, рүкуғқа иілдім. Аллаға ант етейін, Алла елшісінің (с.а.с.) бұл нәубетті қорғау жөніндегі әмірін орындамаудан қорықпағанда, сүрені ортасынан қалдырып, намазды бөлгеннен гөрі өлуді таңдар едім.

Сахабалардың Құран оқудан алған ләззаттары, әрине, оны терең түсініп, жүректерінің тереңіне бойлата білгендіктерінен. Себебі, Құран көңілдеріне енгендердің тілінде де, ісінде де басқаша бір көркемдіктер көрініс табады. Ғашық көңілмен, сүйсіне оқылған Құран аққан сулардың өзін тоқтады. Өзін еріксіз тыңдаттырады. Сахабалар Құранды, міне, осылай оқитын.

Сондықтан оларды періштелер де ұйып тыңдайтын кәдімгідей.

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста