Құран аяттары дертке шипа бола ала ма?

Құранның әрбірі аяты Құран болып есептелетіні сияқты аяттың барлығы да шипа болып саналады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған Алланың мына аяты дәлел болмақ: «Құраннан иман келтіргендер үшін шипа әрі мейірім түсіреміз» (Исра: 82).

 

Ислам тарихында Құранның кейбір бөлігі ғана емес, тұтастай шипа екеніне куә болатын оқиғалар жетіп артылады. Мысалы, Алла Тағаланың Әбу Ауф әл-Ашжағи есімді тақуа құлдарының бірі науқастанып қалады. Адамдар одан: «Сені емдейік пе?» – деп сұрайды. Сонда Әбу Ауф әл-Ашжағи: «Маған су алып келіңдер. Расында Алла: «Аспаннан берекетті жауын жаудырдық» – деп айтқан дейді (Қаф: 9). Қасындағылар су алып келеді. Мұнан соң:

 

– Енді маған бал алып келіңдер. Алла Тағала: «Араның қарындарынан түлі-түсті бал шығады. Онда адам баласы үшін шипа бар» – деп айтқан дейді (Нахыл: 69). Адамдар барып бал алып келеді. Әбу Ауф әл-Ашжағи:

 

– Енді маған зәйтүн майын беріңдер. Бұл хаққында Алла Тағала: «Шығыста болмаған берекетті зәйтүн майымен тамызылады», – деп айтқан дейді (Нұр: 35).

 

Осы нәрселердің барлығы Әбу Ауф әл-Ашжағидың жанына қойылады. Ол бұлардың барлығын бір ыдысқа араластырып, кейін Алланың шипасы болсын деп ішеді. Осылай Әбу Ауф әл-Ашжағи дертінен айққан екен.

 

Дегенмен, пайғамбардың [с.ғ.с.] сүннетіне сәйкес кейбір жағдайларда [сиқыр, назарлану және т.б.] оқылуы абзал болған арнайы сүрелер де болады.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста