Құлшылықтың ләззатын сезінгіңіз келе ме?

Иман әлсіздігінің белгілері:

– парыздарды орындауды кейінге қалдыру;
– намазға немқұрайлылық таныту;
– намазды тастап қою;
– құлшылықтағы ләззаттан айырылу, рақатты сезіне алмау;
– қиналып атқару т.б.
Иман – білім арқылы суарылады, қуатталады. Білім – исламның жаны (тәнсіз жанды елестетіңіз), діннің тірегі. Білім – мәуелі ағаш, амал – оның жемісі. Білім – Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) асыл мұрасы.
Білім іздену – парыз әрі құлшылық. Білу – Алладан қорқу, құлшылықтың артуы, исламдағы шын бақытты сезіну. Білу – бір Аллаға құлшылық жасауды жақсы көру, серік қосуды жек көру. Білімді болғанымыз – иманның қадірін, бағасын білгеніміз, басты уайымымыздың – «иманды жоғалтып алмасақ етті» болуы. Білімді болғанымыз – дүние қызықтарынан Ақыретті артық қойғанымыз.
Білім жолына түсу – Жәннатқа жолыңды жеңілдету (хадис). Білгеніңді үйрету – садақа, қайталау – тәсбих.
Сондай-ақ, дана Абай: «Білімсіз Ақырет те жоқ, дүние де жоқ. Білімсіз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған қажылық, ешбір ғибадат орнына бармайды» деген екен.
Тирмизиден жеткен хадисте: «Егер қандайда бір құл білім іздеу жолына түссе, ізденісі оның бұрынғы күнәларының кешірілуіне себеп болады» делінген. Сондай-ақ, бір сағат білім іздену түні бойы жасалған құлшылықтан артық, күні бойғы ізденіс үш ай оразадан артық (хадис).

Асыл Арна,
(Тақырыбы өзгертілген)

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста