малды құрбандыққа жарамды деуіміз үшін шариғатта көрсетілген кемшіліктерден ада болуы шарт[1].
Сол кемшіліктердің бірі болып малдың құлағы мен құйрығының кесілгендігін айтамыз. Өйткені, Әзірет Әлидің: «Пайғамбарымыз (с.а.у) бізге құрбандық малының екі көзі мен екі құлағы сау болуына мұқият қарауымызды бұйырды» [2], – дегендігі риуаят етіледі. +
Сондықтан, құлағы мен құйрығының жартысынан астамы кесілген болса, ол мал құрбандыққа жарамсыз, ал жартысынан аз кесілген болса, құрбандық ретінде шалуға рұқсат. Бұл Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммедтің тұжырымы[3].
Ендеше, ен салынған малдың құлағының жартысынан көбі аман болса, ол мал құрбандыққа жарамды.
Әбу Ханифа бойынша үштен бірінен көп кесілсе жарамсыз. Десе де, Әбу Ханифа екі шәкіртінің пікірін құптағандығы деректерде бар.