ҚМДБ күнделікті бес уақыт намаз бен жұма намазына қатысты мәлімде жасады

Құрметті мұсылман қауым!

 

Жуырда мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясының (ВАК) селекторлық отырысының шешімі бойынша 2 қарашадан бастап еліміздің барлық мешіттерінде (жұма намазын қоспағанда) бес уақыт намаз өткізуге рұқсат берілген болатын.

 

Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттерде жұма намазын оқуға қатысты ел тұрғындарына келесідей мәлімдеме жасайды:

 

Біріншіден, қазіргі уақытта еліміздің мешіттерінде күнделікті бес уақыт намаз жамағатпен оқылады, алайда жұма намазы уақытша оқылмайды.

 

Осыған орай, ҚМДБ мұсылман қауымын мемлекет заңына мойынсұнуға және түрлі арандатушылық әрекеттерге салынбауға шақырады. Өйткені, Әбу Ханифа мәзһабында жұма намазы дұрыс болу үшін мемлекет басшысы немесе оның орынбасары жалпы рұқсат (изн ғам) беруі шарт. Бұл жайында Мулла Али Қари (Алла оны рақымына алсын) былай дейді: «Жұма намазын өтеу үшін жалпы рұқсат (изн ғам) етілуі шарт. Себебі, жұма намазы &ndash Ислам белгілерінің бірі. Ол адамдар арасында ашық түрде орындалуы тиіс («Фәтху баб әл-ғиная», 1/565). Сондай-ақ, шариғатта: «Имам (басшы) заңды негізде ел тұрғындарына жиналуға рұқсат етпесе, халық жиналмауы керек», &ndash деп айтылған («Фәтауа Һиндия», 1/206).

 

Екіншіден, ханафи мәзһабында: «Жұма намазын оқуға рұқсат етілмеген жағдайда, бесін намазы күндегідей жамағатпен оқылады», &ndash делінген («Фәтауа Бәззәзия», 1/69). Сондықтан жұма күні бесін намазы мешіттерде санитарлық талаптарды сақтаған халде жамағатпен оқуға рұқсат етіледі немесе үйінде оқиды.

 

Құрметті жамағат!

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мешіттер жамағатын Үкіметіміздің жұма намазын уақытша тоқтатуына байланысты шешіміне түсіністікпен қарауға және оған сабырлық танытуға шақырады.

 

Алла Тағала елімізді бірліктен айырмасын, халқымызға амандық, дінімізге қуат берсін! Әмин!

 

  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста