Нұрлы және рухани жаратылыс болып танылатын періштелерге сену иманның негіздері болып саналады. Періштелердің ішінде төрт үлкен перішре:Жәбрайл, Микайл, Исрафил және Әзрайл.
 
Жәбрайл, Алланың таңдап міндет жүктеген пайғамбарларына уахи әкелетін елші. Микайл, табиғат құбылыстарына және жәндіктердің рызықтарымен қамтамасыз етуге міндеттелген перішті. Ал Құранда Микайлдың атын айтып, періштелерге дұшпандықпен қарамау керектігін айтады: «Кімде-кім Аллаға, періштелеріне, пайғамбарларына, Жәбрейлге және Микайлге дұшпан болатын болса, Аллада күпірлікке түскендердің дұшпаны екендігін білсін» (Бақара сүресі, 2/98).
 
Исрафил, алғашқысындақияметтің болуы, екіншісінде қайтадан тірілу үшін сұр үрлейтін періште. Әзрайл болса, жан иелерінің жанын алатын періште, өлім сәтіндегі осы міндеті үшін ол «өлім періштесі (мәләкул-мәут)» деп те аталады. Құран Rәрімде өлім періштесі ретінде айтылады: «Айт; «Сендер үшін міндеттелген өлім періштесі жандарыңды алады, сосын Раббыларыңа қайтарыласыңдар» (Сәжде сүресі, 32/11)