Қажылыққа барған қазақстандық танымал тұлғалар

Қажылық – көне заманнан келе жатқан ғибадат. Ол жер бетінде ең бірінші тұрғызылған үйге барып, Алла тағалаға құлшылық ету дегенді білдіреді. Мұсылманның бес парызының бірі болып саналатын қажылықты өтеу үшін жыл сайын Меккеге аттанатын қазақстандықтардың ішінде танымал тұлғалар да бар. Солардың кейбірін NUR.KZ назарларыңызға ұсынады. 

2008 жылы Қазақстанның танымал қайраткерлері Мейрамбек Беспаев пен Қыдырәлі Болмановтың қасиетті Меккеге барған сапарын Қытайда тұратын қандастар өз сайтында жариялаған болатын.

Халық арасында сол жылдары қатты сырқаттанған Беспаев құлшылық мекеніне Алладан шипа сұрап, тәу етуге барған деседі.

2015 жылы қажылыққа барған қазақстандық топтың қатарында Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов та болды.

Ал “Өнер қырандары” театрының белді актері Мадияр Серікбаев жасы кіші болғанымен, мұсылмандық парызын биыл өтеуді жөн санаған.

Дзюдодан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Елдос Сметов те қажылық парызын өтеу үшін биыл отандастарымен бірге Меккеге аттанған.

Қасиетті Меккеге табан тірегендердің ішінде “Асыл арна” телеарнасының жетекшісі, белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабеков те бар.

Тыңдармандарын “аспанға қараймын, жұлдызды санаймын” деп шыр билетіп жүрген әнші Абай Бегей де – қажылық парызын өтеген әртістердің бірі.

Жас әнші Төреғали Төрәлі де кіші қажылыққа аттанып, Алладан сауап жинап қайтқан.

Танымал қоғам қайраткері, ақын Бекболат Тілеухан қажылыққа жиі баруды әдетке айналдырған. Ол тіпті отбасы мүшелерін қасына ертіп алатын көрінеді.

Танымал әнші, “Дос Мұқасан” тобының солисі Ақжол Мейірбеков те қажылық сапардан мол тәжірибе жинап келген.

Өзге өнер өкілдеріне қарағанда, айтыскер ақындардың арасында дін жолына бет бұрғандар көп ұшырасады. Ұлт рухын оятуда асыл сөздің “майын тамыза” жырлайтын айбатты ақын Рүстем Қайыртайұлы да қасиетті Меккеге барып сыйынғандардың қатарында.

2013 жылы ғаламторда Нұрсұлтан Назарбаевтың қажылық кезінде тәуап етіп жүргені түсірілген видео жарыққа шықты. Видеода ихрамға енген, түрі мен жүрісі Қазақстан президентіне ұқсайтын адам ондаған қарулы адамның қоршауымен Қағбаны айналу рәсімін орындайды.

Дәл сол кезде ғаламтор қолданушылары қажылықта жүрген тағы екі танымал тұлғаның суретін жариялады. Олар Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев пен Иманғали Тасмағамбетовтің күйеу баласы, мультимиллионер Кеңес Рақышев еді. Лауазымды тұлғалар қажылық киімін киіп, әлдебір мешіттің алдында тұр.

Бұл екі азаматтың суретін көрген өзге қолданушылар осы деректі растап, қажылықта жүрген Кеңес Рақышев жайлы тағы бір фотоны ғаламторға жүктеген. Ол суретте Кеңес Рақышевпен бірге Шешенстан президенті Рамзан Қадыров та бейнеленген.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста