Қасиетті жұмада қандай табысқа кенелуге болады?

Жұма – қасиетті күн. Бұл күні ата-анадан бастап, ағайын-туыс пен дос-жаранды құттықтап, ізгі тілек білдіріп жатамыз. Ол да болса жұманың қасиеті жайлы естіп-білгенімізден болса керек.

Мәселен, Әбу Һурайрадан "Бұл күні бір уақыт бар. Мұсылман пенде сол сәтте сұраған дұғасын Алла Тағала береді…" және "Күн көтерілген ең жақсы күн – жұма. Жұма күні Адам жаратылды, жұма күні жәннатқа кірді және жұма күні одан шықты…" жеткен хадистер бар.

"Міне, сондықтан жұма күні көп дұға-тілек істеуге әрекет етеміз. Сіздермен жұманың көптеген қасиетінің бірін бөліскім келіп отыр. Құран Кәрімде "Жұма" сүресі бар. Аталмыш сүреде: "Ал, намаз аяқталғанда, жер бетіне (баратын жерлеріңе) тарқалыңдар да Алланың кеңшілігін іздеңдер әрі мұраттарыңа жетулерің үшін Алланы көп еске алыңдар" деп әмір етілген", — дейді исламтанушы.

Осы, аятқа қатысты тәпсір ғұламасы Ибн Касир еңбегінде мынадай әңгіме бар. Тәпсірші былай дейді: Ғұлама табиғин Ъирак бин Малик жұма намазын оқып болған соң, мешіт қақпасының алдында тұрып: "Уа, Алла! Расында, Сенің жұмаға шақыруыңа жауап бердім, парызыңды оқыдым. Сондай-ақ, Өзің әмір еткеніңдей жер бетіне өз жұмысына кетіп барам. Маған Өз кеңшілігіңмен ризық-несібе бере гөр. Расында, сен ең қайырлы ризық Берушісің" деп дұға ететін еді" дейді.

Демек, жұма намазын оқып болған соң жасалған еңбек табысты болмақ. Маңызды шаруаларыңызды жұма құлшылығынан кейін жасасаңыз, Құран аятында "..Алланың кеңшілігін іздеңдер…" деп уәде етілгендей, ісіңіз берекетті де берекелі болады. Табысты күннің олжасынан құр қалмаңыз.

 islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста