Рамазан айының алтыншы күнінің дұғасы:
Уа, Алла!
Бұл айда күнәләрім үшін мені кішірейтпе, мені жазалама және Өзіңнің ашуыңнан алыстат.
Өзіңнің шексіз нығметтеріңнен бере гөр, уа ақиқат іздеушілердің соңғы мақсаты.
Бүгінгі дұғада Алладан кемсітушілік пен қорлыққа себеп болатын әр істен алыстатуды сұрадық. Күнә жасап, оны қайталаған адамның азап-қорлық көретіндігі шәксіз. Өйткені күнә жасау Алламен қарсыласудың бір түрі болып табылады. Жаратушы бір істі орындауға бұйырып, пендесі оны орындаудан бас тартқан кезде пенде Жаратушының құдыретінің алдында қор болады. Илаһи рақымдылық бойынша Алла өз пенделеріне риза болған кезде оларды кешіреді. Дұғаның келесі бөлімінде Алладан күнәлардан алыстауға көмектесіп, илаһи кек пен ашуға бетпе-бет келмеуіміз қарастырылады. Әрине Алла Тағаланың біздің құлшылығымызды қажет етпейтінін ұмытпауымыз керек. Ол еш нәрсеге мұқтаж емес. Илаһи ашу мен азап та адамға кемелдікке қарай жол нұсқайды. Өйткені, егер адам өз еркімен қалса нәпсісі оның ақылын жеңіп, адам ойына келгенді істейді. Мұндай жағдайда жер бетінде адамның адамгершілігінен еш нәрсе қалмайды. Қасиетті рамазан айының алтыншы күнінің дұғасында Алладан бұл күні Өзін ашуландыратын әр нәрседен алыстатуды сұраймыз. Өйткені, біз әрқашан күнәдән алыстау үшін Оның көмегіне мұқтажбыз. Адамның талабы еш уақытта таусылмайды. Кейбір уақытта адам билікке ие болғысы келеді, бірақ оған жеткен кезде оның одан да жоғары армандары мен тілектері пайда болады. Өйткені адам абсолюттік кемелдікке жеткісі келеді. Ал абсолюттік кемелдік әлемнің Жаратушысының болмысы. Сондықтан біз бұл күні армандаушылардың барлық армандарын шешушіден көмек сұраймыз.