Қалайша өз әйеліңізге мінсіз ер бола аласыз?

Исламда әйел адамның мәртебесі өте жоғары. Құдіреті мол Алла Өзінің шексіз мейрімімен нәзік жандыларды ана ретінде де, әйел ретінде де ер адамдарға өз әйелдеріне өте жұмсақ болуларын бұйырған: «Олармен жақсы мәмледе болыңдар, тіпті өздеріңе ұнамсыз жақтары болса да, сендердің жақтыртпаған нәрселеріңде Алла көптеген қайыр — береке жасап қойюы мүмкін» (4:19).

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) – нағыз ер адам, жақсы жұбай әрі қамқор әке, ол ізгі тұлғадан үлгі алу – әр мұсылман баласының міндеті болмақ, әрі абзал жанның айтқан «Иман еткендердің ең жақсысы көркем мінезге ие болғандары. Сендердің ең жақсыларың әйелдеріңе жақсы болғандарың» — деген сөзін де (Ат-Тирмизи) естен шығармауы тиіс. Мұсылманның қарым – қатынасы оның шынайы мінез құлқын көрсетеді, әрі оның иман шарқының айнасы болмақ. Неке – Жаратушының батасы. Неке сансыз нығметтермен қатар көптеген сынақтардан тұрады. Сондықтан некедегі өмір ерлі — зайыптылардың қарым – қатынасына байланысты болады, егер бір — бірімен жақсы болса – оларға бар нығметтерге бөленіп, отбасылық бақытқа кенеледі, керісінше болған жағдайда — тек бақытсыздық пен таусылмас қайғы – қасіретке ұшырайды. Отбасылық өмірге қадам басқан кезде, көп жағдайда жұбайлар өздерін жұбайлары бақытты етеді деп күтеді. Олар отбасылық бақытты жұбайының мойнына жүктеп, олардан ананы – мынаны талап етеді. Бірақ өздеріне ден қоймаған адам үлкен қателікте, себебі егер ол ізгі әйел, немесе ізгі ерді қаласа, онда ол алдымен өзі ізгі болуға тырысуы қажет. Бұл кез – келген отбасын бақытты ететін алтын ереже болып табылады.
Әйел – сіздің ең жақын досыңыз, тірегіңіз әрі қолдаушыңыз. Ол үшін ең жақын дос, кеңесші болыңыз, әрдайым оны қолдап, өз ойыңызбен бөлісіп, оны да тыңдай біліңіз. Оған үнемі тілектес болып, көркем мінезді көрсетіңіз, оның көңіл – күйінің ауыспалы болуына мән беріп, қамқоршы – қорғаушысы болыңыз.
Әр адам баласына қателікке бой алдыру тән қасиет, мінезі де кемелділіктен ұзақ болуы мүмкін. Жақсы ер адамға әйелінің мінін іздеп, соған қадалудың қажеті жоқ. Абзалы ол әйеліне жұмсақ түрде жеткізіп, қателігін ұқтыру, сол кезде әйелі де сүйікті жары үшін, бойындағы кемшіліктерден арылуға тырысатын болады. Алла Елшісі айтты: «Мұсылман ер адам, мұсылман әйел адамды жеккөрмеуі тиіс. Егер оған әйелінің мінезінен ұнамаған жері болса, ол басқасымен разы болады» (Сахих Муслим). Әр әйел адамның бойында өзіне тән ерекше қылығы болады, және оны сол үшін де шексіз сүйюге болады. Сол себепті оның бойынан тек жақсылық пен ізгілікті көріп, сол қасиетін бағалап, аялаңыз. Исламдағы шынайы әйел мәртебесін көрсететін ең жақсы сөздердің бірі: «Сіздердің әйелдеріңіз – Алла тарапынан болған аманаттырыңыз». Сіздердің әйелдеріңіз – сіздерге аманат, жақсы қарым – қатынас пен қамқорлыққа берілген Алланың нығметі мен сыйы. Сахабалар Алла Елшісінен әйел адамның еріне қатысты қандай хақысы барын сұрады. Сонда ол айтты: «Өздерің жегеннен оларды да жегізіңдер, өздерің кигеннен оларды да кидіріңдер, жүзінен ұрмаңдар. Оған жапа шектірмендер де алыстамаңдар, тек үй ішінен бөлек».
Отбасылық өмірде келіспеушілік пен ұрысу болады және бұл заңдылық. Бұндай кезде ашудың сізді жеңіуіне жол бермеңіз, себебі өкінішпен аяқталары сөзсіз. Үндемей қоя салып, болған жәйітті қолға алып, қызуқандылықты басқан жөн. Басқа түскенде басқаруға қиын болатын сезімге бола, араларыңызда болған бар жақсылықты жоюға жол бермеңіз.
Мұндай кезде мұсылман адам әйеліне сабырлықпен қарағаны дұрыс, кезінде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдері оған ашуланған кезде, әйел затының табиғи болмысы мен мінезін түсінуге тырысып, сабырлық танытатын.
Шынайы мұсылман мен мінсіз ер – бірін – бірі алмастыратын ұғымдар. Шынайы мұсылман – жақсы күйеу, әрі әйелімен ең жақсы шығысатын жан. Шынайы мұсылман, ардақты Пайғамбарымыздың әйелдеріне қатысты мінезін өзіне үлгі қылуға тырысса, онда ол әйелімен жақсы мәмледе болатын, оны әрдайым аялайтын, жұмсақтық танытанын, жомарт әрі қайрымды жан болады.

Дереккөзі IslamReligion
Islam-today.ru сайтынан аударған Tamshy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста