Қалай жазаласаң, солай жазаланасың!..

Бір жігіт үйленіпті...

Үйлену тойының бірінші күні өзі, жаңа келіншегі және анасы үшеуі дастарxан басына жиналыпты. Күйеуі дастарxан басында жаңа келіншегіне ерекше құрмет көрсетіп үлкен-сәнді кесемен тамақтың ең құнарлы жерін ұсыныпты. Ал анасына көңіл аудармастан, қарапайым кесемен тамақтың қарапайым жерінен ұсыныпты.

Бұны сезген текті әрі дана келіншек, күйеуіне:

«Менің талағымды беріңіз, сізбенен ажырасамын», - депті.

Күйеуі сүйіп қосылған келіншегін алған шешімінен қайтарамын деп көп жалыныпты, ақыры болмағасын күйеуі мұндай шешім қабылдауының сырын білгісі келіп далбасалап сұрағанда келіншек:

-Бұрыңғылар "Қанына тартпай тумайды, - деген екен. «Қалай жазаласаң солай жазаланасың»,- деген ескінің сөзі де бар. Мен сізден бала тапқым келмейді, өйткені егер бала тапсам, қазір анаңыз қорланғандай менде ертең қорланамынба,- деп қорқамын." - депті.

Сонымен келіншек ол жігітпен ажырасып, анасына мейірбан-жақсылық жасаушы бір жігітке тұрмысқа шығыпты.

Арадан біраз жылдар өтіп, күндердің-күнінде керуенде түйенің үстіне қойылған түймешеде, бала-шағасының қызметінің аясында келе жатып, керуеннің соңында жаяу келе жатқан қараусыз бір шалға көзі түсіпті...

Сонда әйел:

"Ана ақсақалды қасыма алып келіңдер, - деп бала-шағасына бұйырып, шалды шақыртып алыпты. Сөйтсе ол бұрынғы күйеуі екен... Ол әйел жаңағы шалға қарап:

-Мені таныдыңызба? - деп сұрапты.

Сонда шал: Жоқ, - депті.

Сонда әйел:

-Мен сіздің бұрынғы келіншегіңізбін, мен сізге сол кезде; «Қанына тартпай тумайды. Қалай жазаласаң солай жазаланасың»,- деп айтпаппа едім. Міне қараңыз, менің бала-шағам қалай қызметімді атқарып жүр, ал сіздің қартайған кезде жаныңыздан табылуы тиіс бала-шағаңыз қайда? – депті де
«Сауап үшін мына ақсақалғада қамқор болыңдар», - деп бала-шағасына бұйырыпты.

Абу Жағфар: «Кей келіншектер үйде күйеуі өз анасынан келіншегін абзал қойып жатса, марқаяды. «Мені сүйед екен, мен үшін бәрінен баз кешеді екен», - деп көкірек қағады. Бірақ бүгін келіншегі үшін анасынан баз кешкен жігіттен ертең өзінен де баз кешер бала табарын қиялынан тыс қалдырады»,-депті.

Атам қазақ: «Атаңа не істесең, балаңнан сол келер»,-деген еді.

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста