«Қайрат Сатыбалдының әйеліне қолдан келген жәрдемімізді жасап жүрміз» - Мұхамеджан Тазабек

Қайрат аға қандай сауапты садақа жасаса да, «ертең мені қолдасын, мен үшін басын бәйгеге тіксін» деп ешкімді умраға апарған жоқ.

Мұхамеджан Тазабек тұтқында жатқан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының әйеліне көмектесіп жүр. Бұл туралы «Talim TV» телеарнасының директоры nege.kz порталына берген сүұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Журналистің «Қайрат Сатыбалдыны қамауға алғанда неге араша түспедіңіздер?» деген сұрағына Мұхамеджан Тазабек былай деп жауап берді:

«Қайрат аға жайында оң пікірлерім мен бауырлық көзқарастарым эфирде айтылды. Көзіқарақты жанның бәрі хабардар. Отбасымен байланыстамыз. Жеңгей тарапынан сұраныс болған барлық қажеттіліктерге қолдан келген жәрдемімізді жасап жүрміз. Қайрат аға қандай сауапты садақа жасаса да, Алла үшін істеді. «Ертең мені қолдасын, мен үшін басын бәйгеге тіксін» деп ешкімді умраға апарған жоқ. Сондықтан да ағаның жәрдемін көргендер әлеуметтік желіні шулатпаса да, дұғаларында Алладан жеңілдік сұрап жүргендеріне ешбір шүбәм жоқ»,деді Тазабеков.

Ал Қайрат Сатыбалды ұсталған соң көрінбей кеткендігін Мұхамеджан Тазабек: «Біреуден қашатындай ешкім мені іздеп жатқан жоқ. Қоғамның алдында да, мемлекеттің алдында да бетім ашық. Алматыға келіп-кетіп, кіріп-шығып жүрмін» деп түсіндірді.

Сондай-ақ «Talim TV» телеарнасының директоры Қайрат Сатыбалдының ары таза екенін айтты.

«Билік маңайындағылармен бизнес жасап көргем жоқ. Қайрат ағаның өзімен рухани, мәдени жобаларда рухтас болғанымыз болмаса, бірде-бір дүниелік істерде ортақ болмаппын.Сондықтан істің соңын мейірімді Аллаға, сосын соттардың әділдігіне тапсырамын», деді Тазабеков.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста