ҚАҒБАНЫҢ ІШІНДЕ НЕ БАР?

  • 18
ҚАҒБАНЫҢ ІШІНДЕ НЕ БАР?

Қағба – адам баласының құлшылық етуі үшін тұрғызылған ең алғашқы ғибадат үйі әрі иісі мұсылманның құбыласы. Ол қасиетті Мекке қаласында орналасқан. Қағба – текше пішінді ғимарат. Арабтар текше пішінді үйді «Қағба» деп атайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мuftyat.kz-ке сілтеме жасап.

Биіктігі – 15 метр, аумағы – 180 шаршы метр. Оның төрт бұрышы бар: қара тас тұрған бұрышы, Ирак, Шам және Йемен бұрышы. Қағбаның ішінде не бары көпке жұмбақ. Бір ғасыр бұрын бұл сұрақ қойылмайтын. Себебі кез келген адам Қағбаға кіре алатын. Алайда қажылыққа келушілер санының артуына және басқа да факторларға байланысты оның есігі тазалау үшін ғана жылына екі рет ашылатын болды. 2016 жылы Сауд Арабиясы мемлекеті оның бір рет Мұхаррам айында жуылатынын жариялады. Сондай-ақ Сауд Арабиясы Корольдігінің рұқсатымен жоғары лауазымды тұлғалар мен ерекше қонақтар үшін де ашылады.

 

Алдымен Қағбаның есігінен бастасақ. Қағбаның есігі қара тас тұрған бұрышқа жақын. Шамамен 2 метр биікте орналасқандықтан, баспалдақ арқылы көтеріледі. Есікте жасаған шебердің қолтаңбасы бар. Есікті әшекейлеуге 280 келі алтын қолданылған. Әлемдегі ең қымбат есік – осы Қағбаның есігі. Қағбаның кілті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кезінен бастап Бани Шәйба отбасында сақталып келеді.

 

Қағбаның ішіне кіргенде хош иіс шығып тұрады. Өйткені оны тазалағаннан кейін көп мөлшерде хош иісті әтірлер себіліп, сүртіледі. Еденіне ақ мәрмәр тақталар төселген. Жоғары жағында түсі мен төселуі жағынан ерекше бір тұс бар. Бұл – мұсылмандар Меккені алғаннан кейін Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намаз оқыған жері.

 

Қабырғасының астыңғы бөлігі – ақ мәрмәрмен, ал есік үстіндегі бөлігі мен төбесі күміспен Құран аяттары жазылған жасыл жібек матамен қапталған. Қабырғаларына он тақтайша ілінген. Ол тақтайшаларда Қағбаны салуға, жөндеуге қатысқан билеушілердің есімдері жазылған.

 

Қағбаның төбесін үш қоңыр түсті бағана ұстап тұр. Бұл бағаналар ағаштың ең берік түрінен жасалғандықтан, шамамен 1350 жыл бойы бұзылмаған. Оны кезінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабасы Абдулла ибн Зубайр салған екен. Бағандардың арасына алтын жалатылған арқан байланған, онда күміс, мыстан жасалған көптеген көне шамдар мен дұғалары бар әртүрлі ыдыстар орналасқан. Қағбаның оң жағында «тәубе» деп аталатын есігі бар. Ол есік арқылы Қағбаның төбесіне шығатын баспалдақ бар. Мешіт қызметкерлері Қағбаның жабындысын ауыстыру үшін осы баспалдақпен көтеріледі.

 

Қағбаның кіреберісіндегі екі бағананың арасында орташа өлшемді ағаштан жасалған үстел бар. Үстелдің тартпаларында Қағбаға себілетін әтірлер және басқа керек-жарақтар сақталады.

 

 

 

Медет ҚҰРМАШҰЛЫ

«Иман» журналы, №6, 2023 жыл

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 188
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 237
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста