Қадір түнінің нақты уақыты белгілі ме?

Негізі Қадір түнінің нақты уақыты белгілі емес. Біреулер Ораза айының 27-ші түнінде Қадір түні кіреді деп айтып жатады. Осы рас па?
Айман,
Ақтөбе қаласы
Қадір түні – Рамазан айының ішіндегі бір түн. Қадір түнінің қай түн екендігі нақты белгісіз. Ғұламалар: «Алла тағала разылығын жақсылықтардың ішіне, ашуын күнәлардың ішіне, «орта намазын» бес уақыт намаздың ішіне, әулиесін адамдардың арасында, ал Қадір түнін Рамазан айының ішінде жасырған» деген. Сондықтан да Алла тағаланың разылығына қауышу үшін ешбір жақсылықты кішімсімеу керек. Ашуы күналардың ішінде жасырылғандықтан, ешбір күнәні кішімсімеу керек. Орта намазды жіберіп алмау үшін бес уақыт намаздың бәрін уақытылы оқу керек. Әулиесі адамдардың арасында жасырылғандықтан, барлық адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу керек. Әр көргенді Қыдыр, әр түнді Қадір деп білу керек. Хадис шәрифтерде былай делінген: «Алла алдында ең құнды түн – Қадір түні». «Мың айдан да құнды болған Қадір түнінің игілігінен мақрұм қалған адам бүкіл игіліктерден мақрұм қалған болып саналады». «Қадір түнін Рамазанның соңғы он күнінің ішінен іздеңдер». «Қадір түнін Рамазанның соңғы он күнінің 21, 23, 25, 27 және 29 секілді тақ түндерінен немесе Рамазанның соңғы түнінен іздеңдер. Сауабын ойлап Қадір түнін ғибадатпен өткізген адамның күнәлары кешіріледі». «Қадір түні Рамазанның 27-ші түні».
Имам Ағзам хазреті Қадір түнін көбінесе Рамазанның 27-ші түніне тура келетінін білдірген. «Қадір түніне тура келген түнді ғибадатпен өткізген адам, Қадір түнін ғибадатпен өткізгендей сауабқа бөленеді» деген хадис шәрифті ойлап жиі-жиі дәлме-дәл келетін 27-ші түнін ғибадатпен өткізетін болсақ, ол түн Қадір түні болмаса да үлкен сауабқа бөленеміз.
Қадір түнін сұраған бір кісіге пайғамбарымыз «Бұл жылы Қадір түні Рамазанның алғашқы түні еді, өтіп кетті. 27-ші түнді ғибадатпен өткізген адамға денедегі қылдар санындай қажылық, умра, шәһидтік және ғази сауабы беріледі» деп жауап берді. Тағы бір ретінде «Бұл жылы Қадір түні өтіп кетті, бірақ Рамазанның 27-ші түнін ғибадатпен өткіз! Қадір түнінің сауабына қауышасың. Шапағаттан нәсіпсіз қалмайсың» деген. Хазреті Айша анамызға да «13-ші түн еді, өтіп кетті, Қадір түнін жіберіп алсаң, 27-ші түні қауышасың. Ол түнді ғибадатпен өткізсең, ахиретке сапар үшін азық ретінде ол түндегі ғибадат саған жеткілікті» деді. Хазреті Айша анамыз «Расулуллаһ алейһиссалам Рамазанның соңғы он күнінде көп ғибадат ететін еді» деген.
Қасиетті уақыттарда (түндерде, айларда) күнәлардан міндетті түрде ұзақ болу керек, жақсылықтарды және ғибадаттарды көбейту керек. Өйткені Алла тағала тарапынан жақсы көрілген адам, қасиетті уақыттарда қасиетті істермен шұғылданады. Жаман көретін құлы болса, қасиетті уақыттарда жаман істермен шұғылданады. Жаман істермен шұғылдануы, оның азабының одан да ауыр болуына және Алла тағаланың бұрыңғыдан да оны жек көруіне себеп болады. Өйткені ол бұл әрекетімен осы қасиетті уақыттың берекесінен мақрұм қалып, оның құрметімен қасиеттілігін жерге таптаған болады.
Бұл түнді ғибадатпен өткізу үшін ілім үйрену керек, мәселен фиқһ кітаптарын оқу керек, қаза намаздарды оқу керек, Құран кәрім оқу керек, тәубе ету, дұға ету, садақа беру керек, мұсылмандарды қуанту керек, бұлардың сауаптарын өлі-тірі барша мұсылмандарға бағыштау керек. Қадір түнін ғибадатпен өткізген, Рамазан оразасын тұтқан, қажылығы қабыл болған адамның бүкіл күнәлары кешірілгенімен, қазаға қалған намаз, ораза қазасы және құл ақылары өтелген болмайды. Бұлардың қазасын оқып, ақыларын өтеп қарыздардан құтылу керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста