Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қадір түнінде мешіттердің қалай жұмыс істейтінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қадір түнінде мешіттердің қалай жұмыс істейтінін айтты. "Карантинге байланысты және коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан мешіттері түнгі уақытта жабық болады. Мешіттер таңғы сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Сондықтан Қадір түнін әрбір діндар адам дұға оқып, өз үйінде қарсы алуы керек",- деді ол. Биыл 19 мамырдан 20 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні. Сондай-ақ, Наурызбай қажы 18 мамырдан бастап діндарлар мен Құран оқып, неке қиып, басқа да діни іс-шараларды өткізгісі келетіндер үшін мешіттер таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін ашық болатынын хабарлады. "Алайда, мешіт ішіндегі адамдар санына белгілі бір шектеу қойылды. Құран оқуға арналған бөлмеде 10-нан артық адам болмауы керек. Келушілер діни нысандардың ішінде 15 минуттан артық бола алмайды. Неке қию кезінде көп дегенде 4 адам келуі тиіс. Бұл төтенше жағдай режимінің аяқталғанына қарамастан, карантиннің сақталуына байланысты қойылған шектеулер, сондай-ақ мешітке баратын адамдар медициналық маска мен қолғаптар киіп, антисептик қолданып, оған қоса намаз оқу кезінде қашықтықты сақтауы қажет",- деді қажы.
Қадір түнінде мешіттер ашық бола ма: Бас мүфти жауап берді
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора