Қадір түнін үйде қалай өткізу керек – бас имамдар кеңес берді

Қадір түнінде арнайы құлшылық жоқ. Адам Құран немесе намаз оқи ма, дұға тілей ме, өзі біледі. Ең бастысы, Алладан көбірек кешірім сұрау керек

 Қазақстанда мешіттер ашыла бастады. Алайда жамағатпен бірге намаз оқуға рұқсат жоқ. Мешіттердің жұмыс уақыты да шектеулі. Сондықтан Қадір түнінде кіруге болмайды. Ал мүфтият "мың айдан да қайырлы түнді" үйде өткізуге кеңес берді. Sputnik Қазақстан тілшісі бас имамдарға хабарласып, Қадір түнін үйде қалай өткізу керектігін сұрады.

"Ұйықтамасақ болды" деген ой болмау керек
Шыны керек, осы аптада мешіттер ашылады деген кезде мұсылман қауым елең ете қалды. Қадір түніне орай жасалып жатқан игі шара деп ойлады. Алайда мүфтият арнайы үндеу таратып, мешіттердің тек күндіз ғана жұмыс істейтінін мәлімдеді. Сөйтіп, Қадір түнін үйде өткізуге шақырды.

"Нұр-Астана" мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов өз қызметінде алғаш рет Қадір түнін үйде өткізейін деп отыр. Оның айтуынша, осы түнде, ең бастысы, Алладан тілек тілеу керек. Себебі Қадір түнінде адамның бір жылдық тағдыры жазылады.

"Негізі, Қадір түнін мешітте өткізу шарт емес. Осы түннің мәні мен мақсаты – дұғаны көбірек жасау. Адамның Құранды оқуға мүмкіндігі болса аудармасыз, болмаса мағынасына қарап та оқуға болады. Намаз оқи алса, нәпіл намаздарды оқу қажет. Дұға жасау керек. Пайғамбарымыздың Қадір түнінде үйреткен дұғасы бар. Ол – "Алаһуммә иннәкә афуун, түхиббүл афуа, фағфу анни", аудармасы – "Алла Тағалам, Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, менің күнәларымды кешіре гөр!". Осындай дұғалар бар", – деді Рамазанов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Бас имамның сөзіне қарағанда, "қадір" деген сөздің өзі араб тілінен "тағдыр" деген мағына береді. Сол себепті осы түнде адамның бір жылдық тағдыры ғана емес, ырыздық-несібесі де жазылады. Сондықтан бұл түнді барынша құлшылықпен өткізген жөн. Дұға жасап, тілек тілеу керек.

"Яғни, өзіміздің тағдырымызды жақсартатын құдайдың үлкен бір мүмкіндігі. Осыны жіберіп алмауымыз керек. Мысалы, кейбір адамдар әлеуметтік желілерде отырады, ұйықтамасақ болды деп ойлайды. Енді біреулерде "теледидардың алдында күзетіп шықсақ болды" деген түсініктер болуы мүмкін. Олай емес. Қадір түнін барынша құлшылықпен, дұғамен, намазбен, тілекпен өткізген жөн", – деп атап көрсетті Рамазанов.

Имамдар Қадір түнін қалай өткізеді?
"Былтыр мешіттер ашық болды. Қадір түнін сонда өткіздік. Мешітте жамағаттың алдында тарауық намазы оқылды. Одан кейін хатым Құранның батасы жасалды. Сөйтіп, дұғаны да, намазды да көпшілікпен бірге жасадық. Енді, осы жолы үйде өткіземіз", – дейді Рамазанов.

Бас имам түнде Құранды жүзіне қарап оқуды, сондай-ақ хадистерде көрсетілген дұғаларды көбірек меңгеруді жоспарлап отыр.

"Тәһажжүд пен нәпіл намаздары бар. Жалпы, құлшылықпен өткіземін деген ниетім бар", – деді Рамазанов.

Ал "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы Қадір түнін мешітте өткізбекші. Себебі мүфтияттың ұйымдастыруымен түнде тікелей эфирден арнайы хабарлар көрсетіледі.

"Бізде түнгі сағат 15:00-ге дейін тікелей эфир болады. Сондықтан мен мешітте боламын. Сөйтіп, таң намазын оқып қайтамын", – дейді Нұрылдаұлы.

Әр нәрсенің артында бір жақсылық бар
Ерболат Нұрылдаұлы Қадір түнін мешітте өткізудің мән-маңызын түсіндірді. Оның айтуынша, әрбір мұсылман баласы көпшілікпен бірге құлшылық жасап, бірге қол жайып, мінажат жасауға асығады. Өйткені пайғамбарымыз сол көпшіліктің арасында бір адамның күнәсі кешірілсе, я болмаса, дұғасы қабыл болса, Алла тағала сол жердегі барлық адамның дұғасын қабыл ететінін айтқан. Жамағатпен құлшылық жасаудың ерекшелігі сонда.

"Өкінішке қарай, қазір Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде осындай бір сынақ болып жатыр. Биыл Қадір түнін үйде өткізуге мәжбүрміз. Бірақ әр нәрсенің артында бір жақсылық бар. Осыны ұмытпауымыз керек. Әрбір мұсылман үйде отырып-ақ, мешітке келген сауабын ала алады", – деді Нұрылдаұлы.
Осы орайда ол "мешітте болмасақ, Қадір түні есептелмейді" деген жаңсақ пікірден арылу керек деп санайды. Мәселен, Құран хатым дұғасына тікелей эфир арқылы қатысып, қол жаюға болады. Қадір түнінде арнайы құлшылық жоқ. Адам құран оқи ма, намаз жасай ма, дұға тілей ме, өзі біледі. Ал, ең бастысы, Алладан көбірек кешірім сұрау керек.

"Отбасының тыныштығы, еліміздің тыныштығы, сұрай беру керек. Бүкіл ізгі тілекті сұрай беру керек. Өйткені бұл түннің әрбір минуты, әрбір секунды маңызды. Алла тағала Құранда "Бұл түн мың айдан да қайырлы" деп айтты. Ал мың айыңыз, ол – 83 жыл 4 ай. Сонда алты сағаттық құлшылық 83 жыл 4 айдан да қайырлы. Сосын бұл түнде адамның өмірі жазылады, бүкіл жақсылықтардың бәрі бекітіледі. Сол үшін осы мүмкіндікті жіберіп алмау керек", – деді Нұрылдаұлы.


Мүфтияттың жоспары

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы түнгі сағат 00:30-дан 02:40-қа дейін "Мың айдан да қайырлы Қадір түні" атты онлайн бағдарламасын ұсынады. Оны "Хикмет" студиясы мен діни басқарманың youtube арнасы арқылы көрсетеді.

Тікелей эфир кезінде бас мүфти және тағы бірқатар қоғам қайраткерлері сөз сөйлейді. "Әзірет Сұлтан" мешітінде басталған "Рамазандағы Құран хатым" атты онлайн хатым оқу шарасы түйінделіп, Құран хатым дұғасы жасалады.

Бұдан бөлек, құлшылық жасау, зікір, салауат пен тасбих айтудың артықшылығы жайында айтылады. Дінге қатысты сұрақтарға жауап беріледі. Айта кетейік, "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы да 22:00-ден бастап таңсәріге дейін тікелей хабар таратады. Ал Qazaq radiosy кешкі сағат 18:10-нан бастап арнайы шығарылым ұсынады.

Мешіттер қалай жұмыс істейді?
18 мамырда астанада мешіттер мен дәмханалар ашыла бастады. Бірақ жұмыс уақыты шектеулі. Мәселен, мешітке таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін келуге болады. Құлшылықтың үш түріне рұқсат берілген. Олар:

Намаз оқу;
Неке қию;
Құран оқыту.
Жамағатпен бірге намаз оқуға болмайды. Жеке құлшылыққа ғана рұқсат берілген. Адам 15 минуттың ішінде намазды оқып шығуы керек. Ал құран оқитын бөлмелерге 10 адамнан ғана кіргізеді. Ол жерде орындықтардың арасын да ашып қойған. Бұл – санитарлық нормалардың талабы. Неке қиюға төрт адам ғана кіре алады. Мешітке бетпердесіз кіргізбейді. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста