Қадір түнін қалай өткіземіз – Имамның жауабы
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте қадір түнін қалай өткізуге болатыны туралы айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан Қадір түнін өткізуге қатысты бірнеше кеңес айтты. Бас имамның сөзінше, Қадір түні қасиетті болғандықтан оны құлшылықпен өткізгеніміз жөн. Сонымен қатар қасиетті түнді сыртта өткізгісі келетін адамдар мешітке баруына болады.
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан:
– Қадір түні – Құдайдың рамазан айындағы ерекше сыйы. Бұл – мың айға тек келетін түн. Әдетте сіз бен біз үшін өте қымбат, маңызды шара болса, біз оны міндетті түрде жақсы дайындықпен, әр сәтін барынша сезініп өткізуге тырысамыз. Қадір түні қасиетті болғандықтан оны құлшылықпен, мысалы, намаз, оқу, құран оқу, дұға жасау сияқты іс-әрекетпен өткізгеніміз дұрыс. Бұл түнді ұйқысыз өткізсем болды деген мақсат жоқ. Адам теледидар көріп немесе «шаруамды бітіріп алайын» деп өткізуіне болады. Бірақ мұндай әрекеттер Қадір түнінің мол сауабынан мақрұм қалдыруы мүмкін. Сол себепті ол күні мешіттің барлығында арнайы бағдарлама жасалады. Мешіттің көбінде құран-хатым жасалады. Қадір түні құран-хатым түсірілетін мешіттерге баруға болады.
Ал Қадір түнін отбасымен үйде өткізгісі келетін адамдарға бас имам сол түні арнайы көрсетілетін діни бағдарламаларды қарап, діни кітаптарды оқып, білетін дұғаларды қайталауға кеңес берді.
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан:
– Дұға тілеу түні болғандықтан өзіңіз білетін дұғаны айтып, сұрайтыныңызды сұрап, жақсы тілек айтып, ғибадатта өткізген дұрыс. Бұл түні жақсы, ізгі амал жасап, құлшылық жасап өткізуге кеңес береміз.