«ҚАДІР» СҮРЕСІ

«ҚАДІР» СҮРЕСІ

«Қадір» сүресі – меккелік. Бұл сүре Құран Кәрімнің түсуі жайлы әңгімелейді. Және қадір кешінің басқа айлар мен күндерден артықшылығы айтылады. Өйткені, бұл кеште атырапқа раббани нұр мен иләһи леп тарайды. Мұның барлығы Құран Кәрімнің түскенінің құрметіне орын алады. Бұған қоса, періштелердің таң атқанша жер бетіне түсетіндігі де баяндалады. Бұл құтты кеш Алла Тағала құзырында мың айдан да абзал.

 

بسم الله الرحمن الرحيم

 

إِنَّا أَنْزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةِ الْقَدْرِ

 

1.Ақиқатында, Біз оны (Құранды) қадір түні түсірдік.

 

Тәпсіршілер: «Құран Лаухул Махфуздан дүние аспанына түсірілген. Сосын Жәбірейіл  жиырма үш жыл бойы Пайғамбарға (с.ғ.с.)уахи етіп жеткізіп тұрған», – деген. Ибн Аббас (р.а.): «Алла Тағала Құранды Лаухул Мазхфуздан бір сәтте дүние аспаны Байтул Ғиззаға түсірді. Сосын оқиғаларға байланысты елшісіне бөліп жиырма үш жыл уахи етті», – деген.

 

وَمَا أَدْرَاكَ مَا لَيْلَةُ الْقَدْرِ

 

2.Қадір түні не екенін білесің бе?

 

Уа, Мұхаммед! Бұл қасиетті түннің артықшылығы жайлы не білесің? Осылайша сауал қоя отырып, бұл мәселенің орны бөлек екендігін аңғарту – Құранның тәсілі. Келесі аяттарда бұл түннің үш қасиеті сөз болмақ.

 

لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِنْ أَلْفِ شَهْرٍ

 

3.Қадір түні – мың айдан қайырлы.

 

Бұл түнде Құран түскендіктен мың айдан да артық. Тәпсіршілер: «Осы түні жасалған ізгі амал өзге мың айда жасалған амалдан артық», – дейді. Риуаятта: «Бір кісі сауыт киіп Алла жолында мың ай соғысқан деп айтылады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Уа, Раббым! Меніңүмбетім өмірі қысқа, амалдары тым аз халық болды», – деп мінәжат етті. Сонда Алла Тағала қадір түнін беріп: «Қадір түні саған және үмбетіңе Алла жолында соғысқан адамның мың айынан да артық[1]», – деген екен. Мұжаһид: «Мың ай бойы жасаған ізгі амал, тұтқан ораза және түнде оқыған намаздан да артық[2]», – деген.

 

تَنَزَّلُ الْمَلَائِكَةُ وَالرُّوحُ فِيهَا بِإِذْنِ رَبِّهِمْ مِنْ كُلِّ أَمْرٍ

 

4.Раббысының рұқсатымен періштелер мен Рух (Жәбірейіл) барлық істермен (жерге) түседі.

 

Жәбірейіл  бастаған періштелер Алла Тағала әмірімен жер бетіне түседі. Олар Алла Тағала осы түннен келер жыл аралығындағы бекітетін амалдар себепті түседі. Бұл мүбәрак түннің екінші қасиеті.

 

سَلَامٌ هِيَ حَتَّى مَطْلَعِ الْفَجْرِ

 

5.Таң атқанша есендік жалғасады.

 

Күн басталып, келесі күннің таңы атқанша есендік жалғасады. Осы түні періштелер мұсылмандарға амандық тілеп сәлем береді. Қадір түні Алла Тағала адам баласына тек жақсылықты белгілейді.+

 

 

 

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста