ҚАБІРГЕ СӘЛЕМ БЕРУ ДҰРЫС ПА?

Өлген кісі өлді, кетті деп қоймастан иман еткен бауырларымызға, ата-бабаларымызға дұға мен истиғфар (жарылқау) тілеуге болатынын хазіреті Пайғамбарымыз (ﷺ) үмметіне айтып кетті. Марқұмдарға дұға мен истиғфар жасауға болатынын Алла Тағала мына аят арқылы білдіреді:

 

وَالَّذِينَ جَاؤُوا مِن بَعْدِهِمْ يَقُولُونَ رَبَّنَا اغْفِرْ لَنَا  وَلِإِخْوَانِنَا الَّذِينَ سَبَقُونَا بِالْإِيمَانِ وَلَا تَجْعَلْ فِي قُلُوبِنَا غِلّاً لِّلَّذِينَ آمَنُوا  رَبَّنَا إِنَّكَ رَؤُوفٌ رَّحِيمٌ

 

 «Ей, Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды жарылқай көр! Әрі сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір кірбеңдік қылма».

 

Қайтыс болған кісі мейлі жақсы иманды пенде болсын, мейлі күнәкар пенде болсын тек оларды жақсылықпен еске алу біздердің міндетіміз. Себебі, хазіреті Пайғамбарымыз (ﷺ) бұл мәселе жайында былай деген:

 

 «Өлген кісілеріңізді жақсылықпен еске алыңдар».

 

 Айша (Алла ол кісіге разы болсын) Алланың Елшісіне (ﷺ):

 

 «Қабір зиярат ететін уақытта оларға қалай дұға етейін?» – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ) оған мына дұғаны оқуды бұйырады:

 

«Жәбірейіл маған: Әлбетте Раббың саған Бақи зиратына барып олар үшін жарылқау етуіңді әмір етті, - деді».

 

 Мен (Айша) тағыда:

 

«Ей, Алланың Елшісі! Олар үшін қалай дұға етейін?» - дедім Алланың Елшісі:

 

«Былай де: اَلسَّلامُ عَلَيْكُمْ أَهْلَ الدِّيَارِ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُسْلِمِينَ، ويرحم الله المستقدمين منا والمستأخرين، وَإنَّا إنْ شَاءَ اللَّهُ بِكُمْ لاحِقُونَ " .رواه مسلم

 

«Әссәламу алейкум әһләд-дияри минәл-мумининә уәл-муслимин. Уә ярхамуллаһул-мустақдиминә миннә уәл мустахирин. Уә иннә иншааллаһу бикум ләхиқун» «Ассаламу алейкум муминдер мен мұсылмандардан болған қауым жұрты! Алла бізден алдын өлгендерге және бізден кейін өлетіндерге рахым етсін. Алла қаласа бізде сендерге қауышамыз», – деп бұйырды.

 

 Яғни мұсылман қабірлерінің жанынан өткенде жоғарыда Айшадан (Алла ол кісіге разы болсын) келген хадиске сай дұға етсеңіз болады. 

 

 

 

mazhab.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста