Періште мен Ібіліс

Баяғы бір заманда, бір елдің патшасы əлемге əйгілі суретшіні шақырып алып, періште мен ібілістің суретін салып қаланың орталығына іліп қой деп тапсырыпты. Адамдар мейірім мен зұлымдықтың айырмасын біліп жүрсін деген оймен.

Суретші періште бейнелі баланы ұзақ іздемей тез тауыпты. Сол баланың суретін салып патшаға көрсеткенде, патшаның да көңілінен шығып суретшіні еңбегіне қарай бағалап риза қылыпты. Енді ібілістің суретін сал екеуін бірге көшеге іліп қоямыз деп тапсырыпты. Əлгі суретші, түрмелерден, жындыханалардан, осы жерлерде ниеті жаман, кескін-келбеті ібіліске ұқсайтын адам болуы мүмкін деген жерлердің бəрін шарлап, іздеумен жүргенде 30 жыл өтіп кетіпті.

Бірде патша мына суретші өліп қалмай тұрғанда менің тапсырысымды орындасын деп, қайта есіне түсіреді. Жан-жаққа түрі жаман, ібіліске ұқсайтын адам табуға іздеу салады. Бір шарапханадан іздегенімізді таптық деп əлгі суретшіні алдыртады. Іздеп тапқан адамы расында аузынан шыққан əрбір сөзі боқтық, ұсқыны қашқан, шашының төбесі түсіп екі самайына ғана өскен шаштары ұйысып, мүйізге ұқсап кеткен түрі ібілістен айнымайды екен. Суретші шеберханасына алып келіп əлгі адамның суретін сала бастағанда, ол ағыл-тегіл жылап көз жасына ерік береді. Суретші аң-таң болып себебін сұрағанда, əлгі адам: "Осыдан 30 жыл бұрын мен сенің алдыңда періштенің бейнесін салуың үшін отырған едім, енді міне Жаратқанның берген ажары мен ақылын сол қалпында сақтай алмай, өзімнің өзімшілдігімнің кесірінен адамның азғынына айналып, ібіліс бейнесіне түстім", - деген екен.

Әлеуметтік желіден 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста