Дене мүшелері білінетін дәрежеде тар және жұқа киімді кию. Киім-кешектердің дене мүшелері білінетіндей тар және жұқа болмауы қажет. Алла елшісі ( Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір күні Айша (р.а) анамыздың әпекесі Әсма (р.а) ның жұқа бір киім киіп келгенін көріп, жүзін бұрып:
- Әй Әсма! Бәлиғат жасына толған соң, қыз баланың – беті және қолын көрсетіп – мына және мынадан басқа жерлерінен басқа бір денесінің көрінуі дұрыс болмайды, - дейді.
(Ибн Сағд, Табақат, 4/346)
Пайғамбарымыз ( Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) басқа бір уақытта тағы осы мәселені ескеріп былай дейді: «Бұрын-соңды көрмеген, тозақтық екі топ бар. Бірі – сиырдың құйрығына ұқсаған қамшымен адамдарды сабайтын топ. Екіншісі – үстерінде киімдері бар, бірақ жалаңаш, күнәға бейім өзгелерді де күнәға шақыратын, бастары түйенің өркешіне ұқсаған әйелдер. Міне осы әйелдер жәннатқа кірмейді. Тіпті, мынанша ұзақтықтан сезілетін жәннаттың иісін де иіскемейді. Әйтпеген де жәннатың иісі қаншама қашықтықтан сезіледі» (Мүслим, Жәннат, 52).
Осы хадисте киімі бар бірақ жалаңаш делінген, дене көрініп тұратын жұқа немесе жартылай жабық жартылай ашық болған әйелдер жайлы ашық айтылуда. Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын ), Әсма (р.а) арқылы қызым саған айтам келінім сен тыңда дегендей барлық аналарымызбен әпке-қарындастарымызға киім кию барысында барынша абай болу керектігін нұсқауда.
Аударған Әбдікәрим Берікбай Германоғлы