Абдулла әкесі Абдул-Мутталиб сияқты Ибраһим пайғамбардың дінін ұстанған. Меккенің көркем мінезді бозбалаларының бірі болған. Қаланың бойжеткендерінің бәрі оны ұнататын. Бірде кешкісін үйіне келгенде әкесімен арада неке туралы сөз қозғалады.
 
- Сені үйлендіретін уақыт келді ұлым. Менің ойымда бір қыз бар, егер ол қыз саған ұнаса, ата-анасына құда түсіп барамыз &ndash деді сол сәт әкесі Абдул-Мутталиб. Әкесінің ойы - ұлын пұтқа табынушы емес, Ибраһим пайғамбардың дінін ұстанатын қызға үйлендіру еді.
 
- Мен сіздің маған тек жақсылық ойлайтыныңызға сенемін &ndash деді Абдулла.
 
- Менің таңдауыммен келіскеніңе қуаныштымын. Онда құда түсуге кеттік &ndash деді әкесі.
 
- Ол қыз кім? &ndash деді Абдулла.
 
- Уақабтың қызы Әмина. Шынымды айтсам менің өзім де оны көрген жоқпын. Бірақ оның көркем мінезі мен адалдығы турасында естідім. Ол қыз өте тақуа. Оның үстіне олар біздің алыс туысқандарымыз &ndash деп жауап берді әкесі.
 
Уақаб қонақтарын қуана қарсы алады.
 
О, Уақаб мен сенің қызың Әминаны ұлым Абдуллаға айттырғалы келдім &ndash деп Абдул Муталлиб сөз бастайды.
 
- О, Абдул-Муталлиб! Біздің қызымызды Абдуллаға сенен бұрын айттырып қойды &ndash дейді Уақаб.
 
Бұған Абдул-Муталлиб қатты таңырқайды. Оның таңқалған түрін көрген Уақаб сөзін жалғастырады:
 
- Менің жұбайым біздің үйіміздің қалай нұрға толғанын түсінде көріпті. Ал мен бабамыз Ибраһим пайғамбарды көрдім. Ол маған: «Мен Абдул-Муталлибтің ұлы Абдулла мен Әминаның некесін қидым және сен мұны қабылдауға тиіссің»-деді. Мен сендерді күні бойы күттім.
 
Мұны естіген Абдул-Муталлиб орнынын ұшып түрегеліп:
 
Аллаһ ұлық! Аллаһ ұлық!- деп айғай салады.
 
Осыдан кейін Абдулла мен Әминаның үйлену тойлары өтеді.