Пайғамбарымыз (с.а.с.) қай спорт түрімен айналысты?

Дін Исламның өзі салауатты өмір сүру салтын ұстанады. Бір-ақ мысал келтірсек, құлшылық атаулының ең ұлысы болған намазда руханилықпен қоса, қимыл-қозғалыстың үлкен іс-әрекеті жүзеге асады. Сондықтан, спорттың қай-қай түрімен де айналысу дінімізге мүлде жат емес. Ол аз десеңіз, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өз өмірінен бірқатар спорт түрлері мен айналысқанын байқауға болады. Оларды таратыңқырап айтсақ та болады.

1. Жүгіру. Сахаба Абдулла ибн әл-Харис былай дейді: «Алла елшісі Аббастың ұлдары Абдулланы, Убайдулланы және Кәсирді қатар қойып: «Кім маған бірінші келеді, соған мына, мына нәрселерді беремін», - дейтін. Олар жарыса жүгіріп келіп, Оның арқасына, көкірегіне отыратын. Ал, Ол (с.а.с.) оларды құшақтап, беттерінен сүйетін» еді.

2. Ат жарысы. Сахаба Ибн Аббастан жеткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жүлде тек ат жарысына немесе түйе жарысына, яки найза лақтыру (садақ ату) жарысына беріледі», - дейтін.

3. Күрес. Мекке қаласының атақты палуаны Руқанә ибн Абдязид деген кісіні Пайғамбарымыз (с.а.с.) дінге шақырады. Палуан діннің ақиқаттығын дәлелдеуін сұрайды. Сонда Алла елшісі оған: «Егер мен сені күресте жеңсем, менің айтқандарымның ақиқаттылығына сенесің бе?», - деп сұрайды. Әлгі палуан келіседі. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бірнеше рет оның жауырынын жер иіскетеді...».

4. Мергендік. Сахаба Ибн Аббастан жеткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жүлде тек ат жарысына немесе түйе жарысына, яки найза лақтыру (садақ ату) жарысына беріледі», - деген.

5. Суда жүзу. Пайғамбарымыз (с.а.с.) алты жасында бір айдай нағашыларында болғандығын еске ала отырып былай дейді: «Мына жерге анам мені қалдырған еді. Әкемнің қабірі де осы жерде. Мен сол кездері Ади ибн Нәжжар ұлдарының суында жақсы жүзетінмін».

Ендеше, сүйікті Пайғамбарымыздың (с.а.с.) тек дінді насихаттап қоймастан, өз үмметіне салауатты өмір салтын ұстануға шақырғанын көреміз. Осы тұрғыдан келгенде, спортпен айналысуды баршамыз ғадеттенгеніміз жөн болмақ. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста