Пайғамбарымыз қолды кіндіктің астына байламаған дейді?

Ассаллаумағалейкум! Құрметті, «Әзірет Сұлтан» мешітінің және muslim.kz сайтының ұжымы, сіздерге зор алғыс айтам, еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер, Алла разы болсын сіздерге.
Мен қояйын деген сұрағым фикһ мәселесіне қатысты.
Өзім Имам Ағзам Абу Ханифа мазхабын ұстанам, бірақ осы жақында «сүннетпен» жүретін танысым: «Сахих Бұхариде хадистер бар, онда: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намазда қолын кіндіктің астына байламаған, рукуғтан тұрған кезде қолын көтерген т.б.» деген хадистер бар», – деген еді. Осы хадистер Ханафи Мазхабында қандай себеппен алынбағанын түсіндіріп берсеңіздер нұр үстіне нұр болар еді! Ғани Иссаев.

Уағалейкумуссалам! Ғани мырза, Алла сізге де разы болсын!

Негізгі мәселеге кірмей тұрып мынаны айта кету керек, Сахих Бұхариде «Пайғамбарымыз (с.а.у) қолды кіндіктің астына байламаған» деген хадис жоқ. Ондағы келген хадисте: «Намазда ер кісілер оң қолын сол қолының білегіне (Қолдың басы мен шынтақ аралығы[1]) қойсын деген бұйрық берілді адамдарға»[2], – делінген. Хадистегі «Зирағ (ذراع)» сөзі араб тілінде – қолдың шынтағы мен ортаңғы саусақ ұшы аралығын білдіреді[3]. Яғни, хадисте оң қолды сол қолға байлау турасында айтылғанымен, білектің нақты қай жеріне қойылатындығы белгісіз[4]. Ендеше мәзһаб ғұламаларының бір ауыздан мақұлдауы бойынша намазда оң қолды сол қолдың үстіне байлау – сүннет. Ал оның қай жерге нақты байлау керек деген мәселеге қатысты нақты сахих хадис келмегендіктен әр мәзһаб ғалымы жан-жақты зерттеу арқылы ең абзалын тандаған. Ханафи мәзһабында қол байлау – сүннет, ал кіндік астына қою – абзал[5]. Олардың бұл тұжырымдарын қуаттайтын бірнеше дәлелдер бар.

Ал енді «неге Ханафи мәзһабы кей хадистерді алмаған» деген сұраққа жауап бермес бұрын, аталмыш мәзһабтың хадис қабылдау талаптарына қысқаша тоқталып өткеніміз дұрыс болар.

Ханафи мәзһабы бойынша хадис үш түрге бөлінеді:

Біріншісі – мүтәуәтир хадис. Бұл топқа жататын хадисті жеткізуші кісілердің көптігі соншалық, ақыл-есі дұрыс әрбір адам оның дұрыстығына күмән келтіре алмайды.

Екіншісі – мәшһүр хадис. Бұл топтағы хадистерді Сахабалар кезеңінде жеткізуші саны өте аз болғанымен, табиғин және атбағуттабиғин (х.2-3 ғасыр) уақытында олардың саны мүтәуатырдың дәрежесіне жетеді.

Үшіншісі – ахад хадис. Әр кезеңде бірен-саран кісілер тарапынан риуаят етілген хадис[6].

Хадистің осы үшінші түріне қатысты Ханафи мәзһабының өзіндік шарттары бар. Ол шарттар қысқаша төмендегідей:

1. Ахад хадистегі үкім Құран аяттары мен мүтәуәтир және мәшһүр хадистерге теріс келмеуі керек.

2. Жалпылама Ислам қағидаларына теріс келмеуі тиіс.

3. Ахад хадистегі айтылған үкім көпшілікке қатысты дүние болмауы керек. Яғни, егер хадистегі айтылған үкім көпшілікке қатысты болған болса, неге бірен-саран сахабадан ғана бізге жетеді? Демек, не үкімі жойылған, не оның Пайғамбарымыздың сөзі екендігінде күмән бар[7].

4. Ахад хадисті риуаят еткен сахаба, өзі айтқан хадистегі үкімге қайшы әрекет етпеген болуы керек. Сахаба өзі айтқан хадистегі үкімге теріс әрекет еткендігі анықталса, оның әлгі жеткізген хадисі қабыл етілмейді. Олай болған себебі, сахаба бұрынғының үкімін жоятын одан да қуатты дәлел кездестірген болуы мүмкін.[8]

«Рукуғтан тұрғанда қолды көтеру» жайында келген хадистер жоғарыда тізілген талаптардың екеуіне сай емес (3 пен 4) десек қателеспеспіз.

Біріншіден, «рукуғта қол көтеру» мәселесі көпшілікке қатысты дүние. Пайғамбарымыз намазды көпшілікпен оқыған. Осы тұрғыдан алғанда, оның бұл қимылын бірен-саран сахаба емес, жүздеген адам жеткізуі керек еді. Қысқаша айтқанда, бұл хадис ахад емес, мүтәуәтир дәрежесінде болуы тиіс еді. Демек ол әрекеттің үкімі не жойылған немесе Пайғамбарымыз кей жағдайда ғана жасайтын болған болуы керек. Өйткені, Оның (с.а.у) рукуғта қолды көтергендігі жайында келген риуаяттармен қатар[9], ол әрекетті теріске шығаратын деректер де жоқ емес[10].

Екіншіден, «рукуғта қол көтеріледі» деген хадисті риуаят еткен Абдулла ибн Мәсғуд, Абдулла ибн Омар, Али ибн Әби Талиб сынды ғалым сахабалар айтқан хадистеріне өздері теріс әрекет еткендігі кітаптарда бар. Мысалы, «Сахих Бухариде» сахаба Абдулла ибн Омардан келген хадисте Пайғамбарымыздың рукуғқа барғанда және одан бас көтергенде қолын иық тұсына көтергендігі айтылған[11]. Бірақ, кейінен ол өзі айтқан аталмыш хадиске теріс әрекет еткен. Мүжәһидтің айтуына қарағанда Абдулла ибн Омар намазда тек әуелгі тәкбірде көтеретін. Оның бұл әрекеті әлгі өзі келтірген хадистің үкімінің жойылғандығын көрсетеді[12]. Әбу Дауідте Әзірет Алиден де Алла Елшісінің рукуғда қолды көтергендігі жайлы айтқандығы бар. Әйтсе де, Әзірет Алидің рукуғдан кейін қолын көтермегендігіне қатысты дерек бар.

Біз жоғарыда аталмыш мәселе төңірегінде айтылған хадистердің неге алынбағанын қысқаша әрі қарапайым түрде түсіндіруге тырыстық. Дегенмен, бұл нәрсе біздің айтқандарымызбен ғана шектеулі деп ойламауымыз керек, бұл дәлелдер тек бергі беті ғана дегеніміз дұрыс болар. Ең дұрысын Алла біледі!

Сөзіміздің соңында сұрақтағы «сүннетпен жүретін танысым» деген сөзге тоқтала кетелік. Бұл сөзге бір қараған адамға әрі діни білімі таяздау мұсылманға Пайғамбарымыздың (с.а.у) сүннетімен жүретіндер және Оның сүннетімен жүрмейтіндер деп екі топқа бөлінеді деген түсінік қалыптасады. Шындығында олай емес, Пайғамбарымыздың сүннеті (қасиетті сөзі мен істері) барша мұсылманға ортақ. «Әһли сүннет жамағатының» алғы шебінде тұратын төрт мәзһабтың да іргесі сол Құран мен Сүннетке негізделген. Мәзһаб ғұламаларының сүйенер негізгі іргелі дәлелдері төртеу: Бірінші – Құран; Екіншісі – Пайғамбарымыздың сүннеті; Үшінші – Ижма (әр кезеңдегі Ислам ғұламаларының бір мәселе төңірегінде шығарған үкімді бір ауыздан мақұлдауы); Төртіншісі – Қияс.

Бұл дегеніміз, бір мәселенің шариғаттағы үкімін анықтауы үшін әуелі үкімді Құраннан іздейді. Құранда болмаса сүннетке қарайды. Сүннетте табылмаған жағдайда қандай да бір кезенде ғұламалар сол мәселе төңірегінде ортақ пәтуалары бар ма соны қарастырады. Одан да нәтиже шықпаса қиясқа жүгінеді[13]. Үкім шығарудағы бұл ұстаным Пайғамбырымыздың Муғаз ибн Жәбәлға үйреткен тәлімінен шыққан[14]. Ал өздерін «сүннетпен жүреміз» дейтін бауырлар мәзһабтың өзі сүннетке құрылғандығын білгендері дұрыс[15].

islam.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста