Өзге діндегілермен неке қию шектеледі

Мұсылман ерлер және христиан әйелдер немесе яһуди діні сеніміндегілермен неке қиюға тек жергілікті мүфтидің шешімімен ғана рұқсат беріледі. Шарт - әйел Құран Кәрімді ұстануға дайын болуы керек, деп хабарлады РИА Новости  Ресей мұсылмандары діни басқармасына сілтеме жасап.

 

Ресей мұсылмандары діни басқармасының ақсақалдар кеңесі Ресей аумағында конфессияаралық неке қиюға болмайтыны туралы қаулы шығарған. Жергілікті мүфтидің шешімімен ерекше жағдайда ғана рұқсат беріледі.

 

Олардың айтуынша, конфессияаралық некелердің денінде "баланы ислам дінінде тәрбиелеуде" қиындық туындайды. Өйткені бала тәрбиесінде анасының рөлі ерекше.

 

"Аралас некенің тағы бір салдары - мұсылман ерлер өзге діндегі әйелдерге үйленгендіктен, мұсылман әйелдер өзіне жар табуда қиналады. Осылайша мұсылман емес ерлерге шығуға мәжбүр болады", - делінген хабарламада.

 

Жар таңдауда, ең алдымен, оның діни көзқарасына назар аударуға кеңес беріліп отыр.

 

Сондай-ақ, мұсылман әйелдерге өзін мұсылман қауымдастығына жақын емес екенін білдіретін ер адамға тұрмысқа шығуға шектеу қойылып отыр. Өйткені мұндай неке салдарынан әйелге өзінің діни ұстанымынан алшақтауына тура келеді.

 

 

 

sputnik.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста