Оразаның пайдасы Жаныңды да, тәніңді де сауықтырады

Оразаның пайдасы Жаныңды да, тәніңді де сауықтырады

Қасиетті Рамазан айында ораза ұстау – Алла Тағаланың үкім етуімен мұсылмандарға жүктелген бес парыздың бірі. Ұлық Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кім Рамазан айында иман және ықыласпен ораза ұстаса, Алла Тағала ол кісінің бұрын болған күнәларын кешіреді», - деген. Оразаның толықтығы Әрбір мұсылманға өзін-өзі қайтадан жаңаша тәр-биелеуге мүмкіндік беретін Рамазан айында ұстаған оразасы толық болуы үшін мына жағдайларды білуге тиісті: 1.Жалпы ораза. Ол тамақ пен жыныстық қарым-қатынасты қамтиды. 2. Дене оразасы. Көзіңіз, қолыңыз, аяғыңыз, тағы басқа мүшелеріңіз күнә жасамауға тиісті. Бұл мұсылмандардан ораза ішінде де, ауызашардан кейін де дене мүшелерінің күнә жасамауын талап етеді. 3. Ерекше болған ораза. Ол үшін жоғарыдағы екі талап (жалпы ораза, дене оразасы) сақталып, оған жүрек (адамның ниеті, ықыласы) қосылады.

Оразаны бұзатын 5 жағдай
Ораза тек ішіп-жеуден, жыныстық қарым-қатынастан ғана тиылу емес. Оны бұзатын тағы да басқа 5 жағдай бар. Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбар: «Бес нәрсе оразаны аузыңа бірдемені алып жеп қойғандай бұзып жібереді. Олар: 1.Өтірік сөйлеу. 2.Ғайбат. 3.Сөз тасу. Оның сөзін бұған, бұныкін соған айтып, араларын бұзу. 4.Шаһуатпен қарау. 5.Жалған куәлік беру».
Оразаның таңғажайып қасиеті
1.Ораза лимфоциттердің жұмысын жетілдіреді, адам ағзасының қорғаныш жүйесін ны ғайтады, иммунитеттерге қатысты жасушалардың құрамын жаңартып, жақсартады.
2.Ораза адам денесін май басудан, семіруден сақтайды, оның зардаптарын залалсыздандырады. Оған уақытты дұға, Құран, намаз оқып, сезім мен нәпсіге тоқтау салып өткізіп, жан мен тәннің ара салмағы теңесетіндіктен қол жеткізіледі.
3.Ораза бүйректі тас жиналудан қорғайды. Себебі ол кальцийлену процесіне кедергі жасайды, қандағы натрий құрамын көбейтеді. Мұның бәрі несеп жолында тас жинайтын тұздың бөлінуіне тосқауыл болады.
4.Ораза адам ағзасын жасушалар мен тіндерде түзілетін зиянды заттармен уланудан сақтайды.
5.Ораза ұстаған адамның ас қорыту жүйесі, оның қосалқы жүйесі жақсы жұмыс істеп, ас қорыту мен сіңіруге барлық мүмкіндік ашылады. Бұл жүйелер демалып-демалып жұмыс істейді.
6.Ораза кезінде (ауыз бекіткеннен ауыз ашқанға дейін) әсіресе, жастардың жыныстық сезімдерінде сабырлылық орнайды. Бұл жастардың жүйкелік және физикалық қажуын тоқтатып, оларды тәртіптен ауытқызбайды.
7.Оразаның ақыл-естен айрылу дертіне де шипасы мол. Мәскеудің психиатрия институты ашығу және диетаның көмегімен ақылдан адасушылықты емдеуге болатынын анықтап отыр.
8. Ораза адам ағзасындағы жасушалардың зат алмастыру процестерінің белсенділігін күшейтеді, үйлестіреді.
9.Ораза әйелдердің бала көтеру қабілетін арттырады, ер адамдардың бел күші бұрынғыдан да күшейеді.
10. Оразада су ішуден тартыну ағзаның қуатын нығайтады, оқып-үйрену қабілетін жоғарылатады, зердені жақсартып, есте сақтау қабілетін арттырады.
11. Оразада адам ағзасындағы түзілімнен бұзылым басым болып, ол ауру, әлсіз жасушаларды жояды, қайтадан қалпына келтіру кезеңі басталып, жасушалар жаңарады.
12.Оразада шын жүректен Алла Тағалаға сиыну сабыр мен қанағат сезімін сыйлап, ол ағзадағы зат алмасу қызметін нығайтып, адамның тәні мен жанын сауықтырып, қуанышқа бөлейді.
Оразаның ашығудан айырмашылығы Емдік ашығу мен оразаның ұқсастығы, айырмашылығы мынадай:
1.Олардың ұқсастығы – мақсаттары ортақ. Яғни, екеуі де ағзаның ас қорытудан демалуын, жинал-ған нәрлі заттарды бойға сіңіруін, зат алмасу белсенділігін арттыру, оған жан-жақты мүмкіндік жасау.
2. Оразада да, емдік ашығуда да белгілі бір уақыт ішінде тамақтан бас тарту арқылы алға қойған мақсатқа қол жеткізеді (аруға, тәнді сауықтыруға).
3. Айырмашылығы: мұсылмандар оразасы жыл сайын бір ай бойы (міндетті ораза) және жылдың қалған уақыттарында өз қалауынша (ерікті ораза) бірнеше күн тәуліктің күндізгі уақытында ұсталатындығы. Емдік ашығуды әрбір адам хал-ахуалына, дертіне қарай ұстайды, мұндай кезде оларға дәрі-дәрмек, сусын ішуге рұхсат етіледі.
4. Оразаны кез-келген ересек адамдар ұстай алады, оның адам ағзасына қауіп-қатері жоқ, мұсылман оразаны өз еркімен ұстап, сүйіспеншілік сезіміне бөленеді. Емдік ашығуды адамдардың бәрі бірдей көтере алмайды. Мұнда жеке адам қиындық көреді, оны амалсыз орындауға мәжбүр болады. Емдік ашығуға ауруын жеңе алмағандар ғана тәуекел етеді. Олар дәрігерлердің, медбикелердің, аппараттардың бақылауында болуға тиісті.
5. Емдік ашығуда ағза тамақ арқылы ғана алынатын негізгі май бөліктерінен, амин қышқылдарынан айырылады. Тінде жиналып қалған майлар ыдырағанда май бөліктері топталып бауырда жиналады, оның жасушаларына майлар көп мөлшерде сіңіп кетеді. Бұл – циррозға, бауыр қызметінің бұзылуына, ағзаның жалпылама ауруына соқтырады. Ал оразада ауыз бекітерде, ауыз ашқанда ішілетін астан ағза май бөліктерін, амин қышқылын алатындықтан, мұндай ауыр жағдайға жол берілмейді.
6. Мұсылмандар оразасында емдік ашығуда болмайтын мынандай жақсы жағдайлар орын алады:
-Оразада ағза табиғи және қауіпсіз жолмен майдан арылады. Олар емдік ашығу кезіндегідей бауырға жиналып қалмайды, оның тінін жуандатпайды.
- Оразада бауырдағы тіршіліктің белсенділігі артады. Ол бауырдан майды шығарып тастайтын ФДЛП протейнін жинақтау үшін белоктар және фосформай бөлігін (компонентін) өндірумен айналысады, емдік ашығуда мұндай жағдай болмайды, ол керісінше, бұл процестерді тоқтатып тастайды.
- Оразада адам ағзасында май бөлшектерінің қышқылдануы баяулайды, жасушалық дене түйіршіктері қанда топталып қалмай, қанның қышқылдануы қауіпті дәрежеге жетпейді. Мұсылман оразасының емдік ашығудан тағы бір айырмашылығы осындай.
Ислам ғалымдары Ораза жөнінде Маквадон:
«Әрбір адам, егер ол сырқат болмаса, ораза ұстауды қажет етеді, өйткені, ағзада жиналып қалған тағамдық және дәрілік уыттар оның бойын ауырлатады, ауру халге душар етеді. Адам ораза ұстаған кезде, ол бұл уыттардың ауыртпалығынан арылып, өзінде бұрып-соңды болмаған қосымша күш пайда болғанын сезінеді».
Хаммуда Абдалати:
«1. Ораза адамды терең де мөлдір махабатқа үйретеді. Ол ораза ұстаған кезде оны Аллаға деген терең сүйіспеншіліктің әсерімен ұстайды ғой. Кім Алланы шынайы сүйе білсе, сол адам нағыз махаббаттың не екенін біледі.
2. Ораза адамға дүниеге сеніммен, шаттана қарау, үміт сезімін сыйлайды. Өйткені ол ораза ұстай отырып, Алланың ризашылығына ие болғысы келеді. Оның мейірімін іздейді.
3. Ораза адамның жандүниесін Аллаға шынайы беріліп, жақындау сезімімен, нағыз рақатқа бөлейді. Өйткені, ол оразаны Алла үшін, Оның ризашылығы үшін ұстайды ғой.
4. Ораза адамды жауапкершілік пен өзін-өзі тәртіпке шақыруға үйретеді, себебі ол оразаны іштей де, көптің көзінше де ұстайды емес пе?
5. Ораза адамды ешқандай пайда көздемейтін риясыз сезімге, төзімділікке үйретеді. Бұл кезде ол аштық пен шөлді, басқа да қолайсыздықты еш наразылық білдірмей көтеруді үйренеді ғой.
6. Ораза адамның ерік күшінің салтанат құруы және бір нәрседе ұстамдылық тануы. Оразаның барлық талабын сақтай білген адам өзінің құмарлығын баса алатын, тән тілегінен биік тұра алатын жан. Мұндай кісілердің мінез-құлқы, ерік-жігері күшті, өзі өте батыл болады.
7. Ораза адамның денесі жеңілдеп, жарқын рухқа ие болуына әсер етеді. Бұл жағдайды медицина, биология және зиялы тәжірибе дәлелдейді.
8. Ораза адамға қаржыны қалай үнемдеп, ақша қорын қалай байыпты түрде қалыптастыруға болатынын көрсетеді. Егер әр нәрседе қанағат білдіретін болса, үй шаруасын жүргізуге де қаржы аз жұмсалмайды ма?
9. Ораза адамның үйрену, бейімделу өнерін меңгеруіне ықпал етеді.
Өйткені ол адамды үйреншікті өмірін толық өзгертуге мәжбүр қылады.
10. Ораза адамды салиқалы, салауатты тұрмысқа үйретеді.
Рамазан айының жақсылығы 1. Рамазан айында жұмақтың қақпасы ашылады, тозақтың қақпасы жабылады. Шайтандар шынжырланады. 2. Рамазан айында ораза тұту – Алланың құлдарының өткендегі бүкіл күнәларының кешірілуіне себепші болады.
3. Ораза ұстаушы оның талаптарын бұзбаса, Алла Тағала оның дұға-тілектерін қайтармайды.
4. Рамазан айында бір өзінде мың айда құлшылық еткендей қасиет дарыған Қадір түні бар.
Шаууәл айындағы ораза Ұлық Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кім Рамазан оразасынан кейін шаууәл айының ішінде алты күн ораза ұстаса, жыл бойы ораза ұстағанмен тең», - деген. Бірақ мереке күні – Ораза айтта ораза ұстамайды, ол – одан кейінгі ораза. Ораза ұс- талған бір күнге он күндік сауап жазылады. Рамазан айында ұстаған 30 күндік оразаның сауабы 300 күнге тең. Шаууәл айындағы 6 күндік ораза 60 күнге тең келеді. Сонда барлығы 360 күн болады. Ал бір жылда 360 күн бар емес пе. Олай болса, шаууәл айындағы 6 күндік ораза бір жыл бойы ораза ұстағанмен бірдей.

Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста