Менің сұрайын дегенім, оразада етеккірі тоқтаған әйел не істейді? Мәселен сәресі уақыты өтіп кеткен кезде етеккір тоқтаса, ғұсыл алып, оразаға ниет етуге бола ма?
Ақерке, Алматы қаласы
Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкері Абдусамат Қасым жауап береді:
Ораза шарттарының бірі хайыз бен нифастан таза болу. Шариғат бойынша етеккірі келген әйел ораза ұстамайды. Рамазаннан кейін сол ұстамаған күндерінің қазасын өтейді. Бұған дәлел Сахих Муслимде риуаят етілген хадисте Айша анамыз: «Біз сол жағдайға тап болғанда (хайыз келгенде), тұтпаған оразаны қаза етуіміз, ал намазымызды қаза етпеуіміз бұйырылды», - деді. Оразаның күндізінде (сәресінің уақыты өтіп кеткен соң) етеккірі тоқтаған әйел сол күні ауыз бекітпейді. Ауыз бекітетін болса, ораза тұтқан болып есептелмейді. Рамазаннан кейін сол күнді де, алдыңғы тұтпаған кұндерімен қосып қазасын өтейді. Сәресіге дейін хайызы тоқтаса, оразаға ниет етіп ауызын бекітеді.
Оразада етеккірі тоқтаған әйел не істейді?
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора