Аузы берік адам құсып қойса, қан алдырса сол күнгі оразасы бұзыла ма?
Роман, Павлодар қаласы
Ораза ұстаған адамнан қан алдыру оразаны бұзбайды. Өйткені, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.у) аузы берік бола тұра қан алдыртатын болған. Сахих Бухариде риуаят етілген хадисте сахаба Абдулла ибн Аббас (р.а.) былай дейді:«Алланың Елшісі (с.ғ.у.) аузы берік бола тұра хижама жасататын».
Әйтсе де, аузы берік адам қан алдыртқанда әлсіреп, ораза тұтуы қиындап кететініне көзі жететін болса, оған қан алдыру мәкрүһ болып саналады. Бұл жайында сахаба Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) бір кісі: «Сендер аузы берік кісіге қан алдыруды (хижама) құптамаушы ма едіңіздер?» – деп сұрағанда, сахаба: «Егер әлсіздік тудырған болса, біз оны құптамайтынбыз» - деген екен. Сонымен бірге ораза кезінде аузы берік кісі «еріксіз» құсса ораза бұзылмайды. Ал ауызды толтыра әдейі құсу оразаны бұзады. Ондай жағдайда Рамазан айынан кейін сол күнді қайта тұту керек. Кәфарат қазасы керек емес. Ауыз толы болмаса бұзылмайды.
Бұл жайында имам Тирмизиден жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.у.): «Еріксіз құсық келген кісі (оразасын) қазасын өтемейді. Ал әдейі құсқан болса (сол күнгі оразаның) қазасын өтесін»[38], - дейді[39].
Ораза кезінде адам құсса, қан алдырса ораза бұзыла ма?
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора