ӨЛІМДІ ЕСКЕ АЛСАҢ, СОЛ БАҚЫТ

Исламда «Рабыта-и-мәут» деген ұғым бар. Яғни, «өлімді еске алу» деп аталады. Өлім, өлімді еске алу &ndash адамды тәубесіне келтіретін үлкен бір насихатшы. Өлім &ndash көп асқанды бір тосатын ақиқат. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Дүние ләззатынан айықтыратын өлімді еске алыңдар», &ndash дейді. Яғни, өлімнің жүректен дүниеге деген махаббатты суырып алатын күші бар деген сөз. Алла Елшісі (с.а.с.) тағы бір хадисінде: «Егер жан-жануар, хайуандар өлім жайында адамзат білгенді білсе, ауыздарың семіз етке тимес еді», &ndash дейді. Яғни, өлім жайында біз білгенді қорадағы малымыз білсе, соны ойлаудан, уайымдаудан, қайғырудан қом жинай алмай, соғымға көтерем сояр едік. Сол себепті, өлімді еске алу адамды қайғыға, уайымға жетелейді. Адам өлімді ұмытса, уайымсыз салғырттыққа салынады. Ал «уайымсыз салғырттық» Абай Құнанбайұлы айтпақшы, «әуелі &ndash Құдайдың, екінші &ndash халықтың, үшінші &ndash дәулеттің, төртінші &ndash ғибраттың, бесінші &ndash ақылдың, ардың, бәрінің дұшпаны». Ал «Қарыны тоқтық, уайымы жоқтық, аздырар адам баласын» (Абай). Сондықтан да, Пайғамбарымыз (с.а.с.) ақыреттің уайымын жеп, қамын ішу үшін өлімді жиі еске алуды кеңес еткен. Өлімді көп еске алатын жанды Алла Расулы (с.а.с.) «ең бай, ең қадірліге» теңеген. Адам ажалды ойласа азғындыққа аяқ баспас, күнәға көз салмас. Өлім жүректерді жұмсартушы, көздерге жас үйіруші насихатшы. Сол себепті де Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Насихатшы және ескертуші ретінде өлім жеткілікті», &ndash деген. Тағы бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қабірлерге зиярат етіңдер. Өйткені қабірлерді зиярат ету ақыретті естеріңізге салады» дейді.

Шындығында, тарихта жүрегі дүниеге ауып бара жатқанда, өзінің қабірін қазып алып, ішінде түнеп шығатын мұсылмандар да өткен. Не болмаса, шығарып жатқан жаназаны көрсе, өзінің жаназасын шығарып жатқандай сезініп, ғибрат алатындар да болған. Ендеше өлімнен бұрын өлімді еске алу &ndashол қандай ғанибет десеңізші. Тіпті таусылмас бақыт та сол &ndash өлімді жиі еске алмақ. Олай болса, әлгі өлімді жиі-жиі еске алу арқылы Алла Тағалаға жақындап, мәртебең асқақтай түсетіні анық. Сонда ғана мәңгілік өмірдің шынайы тіршілік иесі атанып, шүкір еткен құлға, һәм пайғамбар үмметіне айналарыңыз сөзсіз.  

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста