Өлім келіп, жан шығуға таяғанда адам баласы бұл дүниені қимайды. Тіпті онда әлі де қала тұруды армандайды. Бұл сәтті Алла Тағала Құранда: «Қашан олардың біріне өлім келгенде, ол: «Раббым! Мені артқа (дүниеге) қайтарыңдаршы. Қалдырған нәрсемде (дүниеде) ізгі амал істейін», &mdash дейді. Олай емес! Негізінде, бұл &mdash ол айтатын бір сөз ғана. Олардың алдында олар қайта тірілтілетін күнге дейін барзах бар», &ndash деп әңгімелейді.
Әйтсе де мүмін пенде бойынан жаны шығар кезде Алламен жолығуға асығып, тағатсызданады екен. Айша (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кім Алламен жолығуды қаласа, Алла онымен жолығуды қалайды. Ал кім Алламен жолығуды қаламаса, Алла да онымен жолығуды қаламайды», &ndash деген.
Мұны естіген Айша (р.а.) Пайғамбарымызға (с.а.у.): 
«Шын мәнінде, біз өлімді жек көреміз» &ndash дейді. Пайғамбар (с.а.у.):
 «Олай емес! Бірақ мүмінге өлім келсе, Алла тарапынан разылық және сый-құрметпен сүйіншіленеді де, ол үшін алдындағыдан (өлімнен) сүйікті ештеңе болмайды. Сөйтіп, ол Алламен жолығуды қалайды. Алла да онымен жолығуды қалайды», &ndash деген.
Осылайша, мүмін адам Алланың өзіне әзірлеген сый-құрметіне ұмтылып, жанының тез шыққанын қалайды. Сондай-ақ Алла Тағала да пендесінің ықыласына қарай онымен жолығуды қалайды.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) сөзін әрі қарай жалғастырып: 
«Ал кәпірге (өлім) келсе, Алланың азабы және жазасымен хабардар етіледі де, оған алдындағыдан жеккөрінішті ештеңе болмайды. Сөйтіп, ол Алламен жолығуды қаламайды, Алла да онымен жолығуды қаламайды», &ndash деген.
Сондай-ақ тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.):
 «Жаназа оқылып, (табытты) еркектер желкесіне көтерген кезде (рух) ізгі болса: «Мені алып барыңдар», &ndash дейді. Ал ізгі болмаса, өзінің туыстарына: «Соры құрысын, оны қайда апара жатырсыңдар?» &ndash дейді. Оның дауысын адамзаттан басқаның барлығы естиді. Егер адам естігенде, есінен танар еді», &ndash деген.
Умәуилер халифасы Сүлеймен ибн Абдул-Мәлик деген кісі жайлы мына бір хикая әңгімеленеді:
Сүлеймен ибн Абдул-Мәлик қажылық кезінде Мәдинаға келгенде, табиғиндер сапына жататын бір адаммен жолығысуды қалап, ондағылардан:
«Осында бірнеше сахабаның көзін көрген, пайым-парасаты жоғары бір адам бар ма?» &ndash деп сұрайды.
Адамдар:
 «Иә, Әбу Хазим деген бір кісіні білеміз», &ndash деп жауап береді. Сүлеймен ибн Абдул-Мәлик оған адам жіберіп, құзырына алдырады. Әлгі табиғин келген кезде, Сүлеймен оған:
«Ей, Әбу Хазим! Неге біз өлімді жек көреміз?» &ndash деп сұрайды.
 Әбу Хазим:
«Сендер дүниені көркейттіңдер! Ал ақыретті бұздыңдар! Енді көркем мекеннен ойрандалған жерге шыққыларың келмейді», &ndash деп жауап береді.
Сүлеймен ибн Абдул-Мәлик:
«Рас айттың!» &ndash дейді.
 Сосын:
«Бізді Алланың алдында не күтіп тұр?» &ndash деп сұрайды Сүлеймен.
Табиғин:
«Амалдарыңды Алланың кітабына жүгіндір!» &ndash дейді.
 Сүлеймен:
«Оны қай жерінен табамын?» &ndash дейді. Сонда табиғин:
 «Алла Тағаланың «Шын мәнінде, ізгілер, әлбетте, нығмет ішінде болады. Негізінде, бұзықтар тозақта болады» деген сөзінен», &ndash дейді.
«Алланың рақымы қайда?» &ndash деп сұрайды Сүлеймен ибн Абдул-Мәлик.
Әбу Хазим:
«Алланың рақымы игілік істеушілерге бек жақын», &ndash деп жауап береді. Сүлеймен ибн Абдул-Мәлик тағы да:
 «Ертең Алланың алдына қалай барамыз?» &ndash деп сұрайды. Әбу Хазим:
 «Игі кісі алыс бір жерден өз отбасына келе жатқан адам сияқты болса, жаман адам қожайынынан қашқан құл сияқты болады», &ndash дегенде, Сүлеймен ибн Абдул-Мәлик көңілі босап, дауыстап жылап жібереді. Сосын әлгі табиғиннен:
 «Маған өсиет айт!» &ndash деп сұранады. Сонда Әбу Хазим:
 «Алла Тағаланың тыйым салған істерін жасаушылардан емес, бұйырғанын істейтіндерден бол!» &ndash депті.
islam.kz