«Не боларын өздері де білмейді»: Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева хиждапқа қарсы пікір білдірді

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева хиждапқа қарсы пікірін білдірді. Бұл туралы sn.kz медиа порталы хабарлайды.  

Айгүл ханым қазақ кәмелетке толмаған қызға орамал тақпаған, тұлымшағы желбіреп өскен дейді.
"Осы, уақап-салафит қыз-қатындар бүлдіршін-қыз-келіншек-қатын-әйел-кемпірге хиджап деп орамалды қылғындырып тағады. Құранда Нұр сүресінің 31-аятымен ескертіп отырып, "желектері омырауларын жапсын" деген сөзді қыстырмай, омырауларын жаппай, жалаңдатып "тақуамыз" деуі мұсылманшылығына күмән келтіреді.

Желкілдек (Халық әні)
Жылқының мінсіз қара төбеліндей
Аузың бар шыны аяқтың кемеріндей,
Шашыңды он екіден талдап өрген,
Базардың кезі алпыс сом жібегіндей,
Ақ бетің жарқырайды жұмырқадай,
Тұлымың салбырайды шыбыртқыдай,
Боз үйден сен шығасың керіліп,
Аяқты бір басуға ерініп,
Аққудай көлден ұшқан көтеріліп,
Жігінен қанатыңның сөгіліп.

Құранмен жүрсең құранға сәйкес бол, қазақ балиғатқа жетпеген қызға желек салмаған, тұлымшағы желбіреп өскен, қазақы тәрбие көрген жас қызға „Желкілдек, -,деп шығарған халық ән де бар. Ойбай-ау, мына өлеңдегі, сұлулықты, қыз күнінен қатын болуға асыққандай, тақуамыз деп никап-хиджап, кигеннен, жамылғандардан қайдан
көрер едік? Қор болған қазақ қызының сұлулығы-ай.

Сол кезден хиджап-никап киген болса ақындар, қара оранған апатай,-, деп ән шығар ма еді?

Қазақтың қыздары ұлттық киімінде қандай сұлу. Қыз күнінен қатынның киімін аңсап, қыз-қатынның киімін айыра алмағаннан дүмше-тақуасымақтан құдай сақтасын!", деп жазды әлеуметтік желіде.  

"Айгүл сіздің парақшаңызды оқып отырамын. Керемет айтасыз .Қазақтың қыздары, жігіттеріне жаным ашиды. Қысқа шалбар, араптар сияқты тұмшалап тағатын әйелдерге", "Қандай керемет көз суйсінер. Оранғандар орамал үстінен орамал жауып, келістіре алмай жүр ғой. Біреуі жүр үстінен кепка киіп. Не боларын өздері де білмейді", деп жазды оқырмандар.

sn.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста