Қасиетті Құран – бүкіл әлемді жоқтан бар етуші, оны әсем түрде шеберлікпен жаратқан Алла Тағаланың пенделерге жіберген теңдесіз қазынасы, баға жетпес асылы, таусылмас байлығы. Оған еш нәрсені салыстыруға келмейді.
Оның қаншалықты қымбат дүние екендігін Алла Тағала мына сөздерімен-ақ білдіреді: «Егер осы Құранды бір тауға түсірсек, Алладан қорыққандығынан үрейленіп, быт-шыт болғанын көрер едің.
Бұл мысалдарды адам баласы ойлансын деп келтіреміз»1.
Сондықтан, «Құран наннан төмен!» деу қателік. Себебі, Құран еш нәрсеге салыстыруға келмейді.
Құран Кәрім, әл-Хашр сүресі,21-аят