Намазда тұрғанда «көп қимылға» бармастан қалтасындағы ұялы телефонды бір қолмен өшірсе, намазы бұзылмайды. Дегенмен, мәкруһ. Сондықтан да, намазға бастамас бұрын аппаратты өшіріп немесе үнсіздікке қойған жақсы, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мuslim.kz-ке сілтеме жасап.
Алайда, телефоны іліп қойған киімінің қалтасында болса, әлде жақын жерге қойған сөмкесінің ішінде болса, оны өшіру – «көп қимылды» тудыратындықтан намазы бұзылады (дәрет бұзылмайды).
Ескерту:
Шариғатта намазға қатысты «көп қимыл» және «аз қимыл» деген түсінік бар. Бірінші жағдайда, намаз бұзылады. Екіншісі, бұзбайды. Әлдекім намазында сырттан қараған кісіге «ол намазда емес» дейтіндей ой қалыптастыратын іс-қимылға барып жатса, онысы «көп әрекетке» саналып, намазы бұзылады. Қайта бастауы тиіс. Мысалы, намазда киімін шешу, киім кию, бір жерін қайта-қайта қасу (үштен көп), әдетте екі қолмен істелетін істі істеу т.б.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz